Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 20 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.06.12.
N 578  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтары алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      5-тармақтың ж) тармақшасында:
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
      "2-5" деген сандар "4 және 5" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
      бiрiншi абзацта:
      "Тауардың атауы" деген бағандағы "Пiл сүйегi, маралдың" деген сөздер "Маралдың" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешiмдi келiсетiн мемлекеттiк органы" деген бағандағы ", Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанның он екiншi абзацында:
      "2846" деген сандардан кейiн "7110 41 000 0" деген сандармен толықтырылсын;
      "8104 11 000 0" деген сандар алынып тасталсын;
      "Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешiмдi келiсетiн мемлекеттiк органы" деген бағанның он алтыншы және он жетiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";
      көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
      "Тауардың атауы" деген бағанның бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пестицидтер (улы химикаттар)".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады