Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы N 25 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнің         
2006 жылғы 6 қаңтардағы   
N 25 қаулысымен      
бекiтiлген      

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы N 1455 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 230-құжат):
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшадағы "Оқжетпес" санаторийi Көкшетау облысы, Бурабай поселкесi" деген жол алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Оқжетпес" санаторийi" АҚ".
      3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк yлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен yлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
      "Ақмола облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-9-жолмен толықтырылсын:
      "13-9 "Оқжетпес" санаторийi АҚ";
      "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 21-67, 21-68, 21-69-жолдармен толықтырылсын:
      "21-67 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС
      21-68 "Өрт сөндiрушi" АҚ
      21-69 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
      "Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-101-жолмен толықтырылсын:
      "123-101 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      "Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 165-11-жолмен толықтырылсын:
      "165-11 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      "Солтүстiк Қазақстан облысы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 280-4-жолмен толықтырылсын:
      "280-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ".
      4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк yлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 20-4-жолмен толықтырылсын:
      "20-4 "Өндiрiстiк-пайдалану кәсiпорны" ЖШС";
      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 217-9-жолмен толықтырылсын:
      "217-9 АЛА-005430 "Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" АҚ";
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Іс басқармасына" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 238-9-жолмен толықтырылсын:
      "238-9 "Оқжетпес" санаторий" АҚ";
      "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 266-5-жолмен толықтырылсын:
      "266-6 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң "Сақшы-На страже" ЖШС";
      "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 279-2, 279-3, 279-4-жолдармен толықтырылсын:
      "279-2 "Алматы протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ
      279-3 "Семей протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ 
      279-4 "Петропавл протездiк-ортопедиялық орталығы" АҚ";
      мынадай мазмұндағы бөлiммен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау комитетiне"
      296 "Өрт сөндiрушi" АҚ".
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      6.  Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады