Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы N 19 нормативтiк қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Төрағасының 2006 жылғы 9 наурыздағы N 2 Нормативтік қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 20.04.2018 № 4 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқарту туралы қылмыстық iс жүргiзу заңының нормаларын бiркелкi қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы

      қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының "Сот үкiмi туралы" 2002 жылғы 15 тамыздағы N 19 нормативтiк қаулысының 8-тармағы мына редакцияда жазылсын:

      "8. Соттың қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқартуы туралы мәселе, ҚIЖК-нiң 301-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, сотталушы мен жәбiрленушiнiң қатысуымен алдын ала тыңдау өткiзiлiп қаралуға жатады. Осы ретте рақымшылық актiсiн қолдануға кедергi келтiретiн мән-жайлар болмаған жағдайда, сот iстi қысқарту туралы қаулы шығарады, онда iстi қысқартудың негiздемесi және сотталушының рақымшылық актiсiн қолданумен келiсуi көрсетiледi. Келiсу - сотталушының тағылған айыпты толық мойындауы деп есептеледi. Iстi қысқарту туралы қаулы ҚIЖК-нiң 307-бабының талаптарына сәйкес келуi тиiс және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi ҚIЖК-нiң 121-бабының үшiншi бөлiгiмен белгiленген тәртiпте шешуi керек.

      Сотталушы өзiн кiнәлi емеспiн деп есептеген жағдайда не жәбiрленушi рақымшылық актiсiн қолдануға көпе-көрiнеу кедергi келтiретiн мән-жайларды (қылмысты дұрыс сараламау, сотталушының жеке басы туралы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмеуi және т.б.) көрсетсе және соттың осы уәждердi тексеруiне өтiнiш бiлдiрсе, сот басты сот талқылауын тағайындайды және өткiзедi, бұл талқылау, негiз болған жағдайда кiнәлiге жаза тағайындаумен және осы жазаны өтеуден босату туралы айыптау үкiмiн шығарумен аяқталады.

      Егер сот тергеуi барысында сотталушыға әлдеқайда ауыр айып тағу үшiн iстi қосымша тергеуге жiберу туралы жәбiрленушiнiң өтiнiшiн қанағаттандыруға негiздер немесе рақымшылық актiсiн қолдану үшiн кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар анықтамаса, онда сот iстi рақымшылық актiсiне байланысты ҚIЖК-нiң 324-бабына сәйкес қысқартады.

      Қылмыстық жолмен жиналған ақшалар мен өзге де құндылықтар, заңсыз кәсiпкерлiкпен алынған және контрабандалық заттар - заттай дәлелдемелер ретiнде танылған қылмыстық iстер бойынша рақымшылық актiсiн қолдану туралы мәселе басты сот талқылауында шешiледi, себебi бұл заттар ҚIЖК-нiң 121-бабы үшiншi бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне алынуға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтiк қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бiрдей мiндеттi болып табылады және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы


Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады