Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 32 Қаулысы

      2005-2006 жылдардың қысқы кезеңiнде Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне қаланың тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнiң тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Семей қаласының қазандықтары үшiн көмiр сатып алуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады