Мемлекеттiк астық ресурстарының көлемiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 34 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 680 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 680 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Астық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы  Заңына  және "Мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394  қаулысына  сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналардың көлемi:
      мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi 500000 (бес жүз мың) тонна мөлшерiнде;
      мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары 5000 (бес мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
      мемлекеттiк тұқым ресурстары 100000 (бiр жүз мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде;
      мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары 550000 (бес жүз елу мың) тоннаға дейiнгi мөлшерде бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiне жүктелсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады