Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241 және 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы N 40 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 қарашадағы N 1241  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 47, 587-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмде:
      "Қаржыландыру көлемi мен көздерi" деген жолдың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етiледi, оның iшiнде республикалық бюджеттен:
      2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
      2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
      2007 жылы - 363736,9 млн. теңге;
      жергiлiктi бюджеттен:
      2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
      2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.";
      "Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi" деген III бөлiмде:
      "Мемлекеттiк әлеуметтiк стандарттарды жетiлдiру" деген 3.1-кiшi бөлiмнiң оныншы абзацындағы "зейнетақылар мен жәрдемақылардың және басқа да әлеуметтiк төлемдердiң ең төмен мөлшерiн" деген сөздер "мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру" деген 3.2-кiшi бөлiмде:
      "Әлеуметтiк қамсыздандырудың негiзгi деңгейi" деген 3.2.1-тарауда:
      "- жерлеуге арналған мемлекеттiк жәрдемақы (тек негiзгi әлеуметтiк төлемдер алушылар үшiн)." деген алтыншы абзац алынып тасталсын;
      тоғызыншы абзацтағы "2006 жылдан" деген сөздер "2005 жылғы 1 маусымнан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацта:
      "2006" деген сандар "2005" деген сандармен ауыстырылсын;
      "күнкөрiс минимумының (КМ) 20%-тен 25%-ке дейiнгi" деген сөздер "3000 теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Негiзгi әлеуметтiк қатерлердi әлеуметтiк сақтандыруды дамыту (қарттықтың басталуы, еңбек ету қабiлетiнен айрылу, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу)" деген 3.2.2-тарауда:
      "А" тармағының "- мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ең көп табыстың мөлшерiн ең төменгi айлық жалақының жетпiс бес еселенген мөлшерiнен алпыс еселенген мөлшерiне дейiн азайту" деген тоғызыншы абзацы алынып тасталсын;
      "Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру" деген 3.2.3-кiшi бөлiмде:
      "А" тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "А. Балалы отбасыларға бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы жәрдемақы төлемiне қосымша:
      2006 жылғы 1 қаңтардан бастап - жан басына шаққандағы орташа кiрiсi азық-түлiк себетiнiң құнынан төмен, аз қамтылған отбасылардағы 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған жәрдемақы;
      2006 жылғы 1 шiлдеден бастап - отбасының кiрiсiне қарамастан, бала бiр жасқа толғанға дейiн бала күтiмi бойынша жәрдемақы төленетiн болады. Жәрдемақы мөлшерi балалардың санына қарай сараланып белгiленетiн болады.";
      "В" тармағының "- әлеуметтiк көмектiң әр алуан түрiн алуға үмiткер адамдар үшiн жиынтық табысты есептеудiң бiрыңғай әдiстемесi әзiрленетiн (тұрғын үй көмегi, АӘК, 18 жасқа дейiнгi балалар жәрдемақысы);" деген yшiншi абзацы алынып тасталсын;
      "Г" тармағы "жәрдемақы" деген сөзден кейiн "және жерасты әрi ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақы" деген сөздермен толықтырылсын;
      "Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi" деген IV бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен барлығы 994599,9 млн. теңге сомасында қаражат талап етiледi, оның iшiнде республикалық бюджеттен:
      2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
      2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
      2007 жылы - 363736,9 млн. теңге,
жергiлiктi бюджеттен:
      2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
      2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.";
      "Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi Іс-шаралар жоспары" деген VI бөлiмде:
      "2. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн жетiлдiру" деген бөлiмде:
      "2.1. Әлеуметтiк қамсыздандырудың базалық деңгейi" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 2.1.1-жолдың 6-бағанындағы "2005 ж. - 13128,7; 2006 ж. - 44372,1; 2007 ж. - 55508,6" деген сандар "2005 ж. - 82483,0; 2006 ж. - 121371,2; 2007 ж. - 126636,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2.2. Негiзгi әлеуметтiк тәуекелдердi сақтандыруды дамыту" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 2.2.1-жолдың 6-бағанындағы "2005 ж. - 9490,0; 2006 ж. - 15933,7; 2007 ж. - 19016,7" деген сандар "2005 ж. - 180050,6; 2006 ж. - 193348,2; 2007 ж. - 199757,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.2.2-жолдың 2-бағанындағы "- мiндеттi зейнетақы жарналарын есептеу үшiн қабылданатын ең жоғары табыстың мөлшерiн азайту бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 2.2.5-жолдың 6-бағанындағы "Бөлiнетiн қаражат шегiнде" деген сөздер "2006 ж. - 250,0; 2007 ж. - 249,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      "2.3. Әлеуметтiк көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 2.3.1 -жолдың 6-бағанында:
      "2007 ж. - 15291,0" деген сандар "2006 ж. - 6339,7; 2007 ж. - 14335,8" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Бөлiнетiн қаражат шегiнде (атаулы әлеуметтiк көмекке арналған қаражатты азайту есебiнен)" деген сөздер "2006 ж. - 6519,0; 2007 ж. - 6910,1" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 2.3.3-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 2.3.6-жолда:
      2-баған "мүгедектерi" деген сөзден кейiн ", кәмелетке толмаған, бiрге тұратын 4 немесе одан да көп балалары бар көп балалы отбасылар, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен немесе I және II дәрежелi "Ана даңқы" орденiмен марапатталған аналар" деген сөздермен, "жәрдемақылардың мөлшерiн" деген сөздерден кейiн "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап 4000 теңгеге дейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "2005 жылғы I тоқсан, 2006 жылғы I тоқсан";
      6-бағандағы "2005 ж. - 2791,1; 2006 ж. - 2338,4; 2007 ж. - 1854,6" деген сандар "2005 ж. - 12582,3; 2006 ж. - 19891,4;
2007 ж. - 20716,9" деген сандармен ауыстырылсын;
      "4. Әлеуметтiк қызметтер жүйесiн жетiлдiру" деген бөлiмде:
      4.2-кiшi бөлiмдегi 4-бағандағы "МСА" деген аббревиатура "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "6. Әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiн басқаруды жетiлдiру" деген бөлiмде:
      "6.3. Кадрмен қамтамасыз ету" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 6.3.2-жолдың 6-бағанындағы "2006 ж. - 5,3;
2007 ж. - 5,6" деген сандар "2006 ж. - 2,9; 2007 ж. - 3,1" деген сандармен ауыстырылсын;
      ескертпенiң 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк бюджеттен барлығы - 994599,9 млн. теңге қаражат талап етiледi, оның iшiнде республикалық бюджеттен:
      2005 жылы - 276230,5 млн. теңге;
      2006 жылы - 341203,4 млн. теңге;
      2007 жылы - 363736,9 млн. теңге,
      жергiлiктi бюджеттен:
      2006 жылы - 6519,0 млн. теңге;
      2007 жылы - 6910,1 млн. теңге.";

      2) "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1359  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаның паспорты" деген 1-бөлiмде:
      "Қаржыландыру көлемi мен көздерi" деген абзацта:
      "35688" деген сандар "35,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "182500" деген сандар "182,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi" деген 6-бөлiмде:
      "35688" деген сандар "35,7" деген сандармен ауыстырылсын;
      "182500" деген сандар "182,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмнiң кестесiнде:
      реттiк нөмiрi 1-жолдың 5-бағанындағы "2-тоқсан" деген сөздер "4-тоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 3-жолдың 6-бағанындағы "35688", "182500" деген сандар тиiсiнше "35,7", "182,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      реттiк нөмiрi 12-жолдың 5-бағанындағы "3" деген сан "4" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады