"Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қаңтардағы N 51 Қаулысы

     Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
     "Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметін реттеу агенттiгi туралы

     Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына және "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
     1. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу агенттiгi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган ретiнде құрылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Yкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
     3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
     4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
     Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады