Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 ақпандағы N 102 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң "Қазқайтажаңарту" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар Мәскеу қаласында аумағын жайластыра отырып, Абай Құнанбаевқа ескерткiш орнату жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде 161800000 (бiр жүз алпыс бiр миллион сегiз жүз мың) теңге сомасында қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады