Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Yкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмегiн пайдалану шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы N 118 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмегiн пайдалану шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековке (келiсiм бойынша) Келiсiм жобасының мәтiнiне қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Yкiметiне өтеусiз көмегiн пайдалану шарттары туралы хаттар алмасу нысанындағы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасындағы
Қытай Халық Республикасының
Төтенше және Өкілеттi Елшiсi
Чжан Сиюнь мырзаға

       Жоғары Мәртебелi,

      Осымен, Сiздiң 2006 жылғы "____"___________ мынадай мазмұндағы хатыңызды алғандығымды растауды құрмет санайтындығымды бiлдiремiн:
      "Тараптар, достық келiссөздер нәтижесiнде мыналар туралы келiскендiгiмiздiң нәтижесiнде Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң атынан растауыңызды құрмет санаймын:
      1. Қытай Халық Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын даярлау саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшiн бес миллион қытай юанi сомасында өтеусiз көмек бередi.
      2. Барлық нақты мәселелер, екi ел үкiметтерi тағайындаған әрбiр уәкiлеттi органдар арасында жасалатын, жекелеген шартпен реттеледi.
      Егер, Сiз жоғарыда баяндалған мазмұнды жауап хатпен растасаңыз, онда осы хат және Сiздiң жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмектi пайдалану туралы келiсiмi болып саналып, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi."

      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жоғарыда баяндалған мазмұндағы Келiсiмдi растауды және осы жауап хат пен Сiздiң хатыңыз, қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасы Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмектi пайдалану туралы келiсiмi болып саналатындығын құрмет санаймын.
      Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген жоғары құрмет сезiмiме сенiмiңiздi жаңғыртқым келедi.

      Қазақстан Республикасы
      Мемлекеттiк қызмет iстерi
      агенттiгiнiң төрағасы Зауытбек Тұрысбеков
      Астана қаласы, 2006 жылғы "____"_________

Жоба

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
қызмет iстерi агенттiгiнiң төрағасы
Зауытбек Тұрысбеков мырзаға

       Жоғары Мәртебелi,

      Осымен Тараптар, достық келiссөздерi нәтижесiнде мыналар туралы келiскендiгiмiздi Қытай Халық Республикасының Үкiметi атынан растауды құрмет санаймын:
      1. Қытай Халық Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметiнiң кадрларын даярлау саласындағы жобаларды жүзеге асыру үшiн бес миллион қытай юанi сомасында өтеусiз көмек бередi.
      2. Барлық нақты сұрақтар, екi ел үкiметтерi әрқайсысы тағайындаған уәкiлеттi органдар арасында жасалатын, жекелеген келiсiм шартпен реттеледi.
      Егер, Сiз жоғарыда баяндалған мазмұнды, жауап хатпен растасаңыз, онда осы хат және Сiздiң жауап хатыңыз Қытай Халық Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметiне өтеусiз көмектi пайдалану туралы келiсiмi болып саналып, ол қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы мүмкiндiктi пайдалана отырып, өзiмнiң Сiзге деген жоғары құрмет сезiмiме сенiмiңiздi жаңғыртқым келедi.

      Қытай Халық Республикасының
      Қазақстан Республикасындағы
      Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi
      Чжан Сиюнь
      Астана қаласы, 2006 жылғы "___"_______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады