Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру бекiтiлсiн.

      2. Орталық атқарушы органдар заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде бұрын қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2006 жылғы 27 ақпандағы
N 134 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыру

      1. "Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 шiлдедегi N 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 30, 294-құжат):

      4-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi Геология және жер қойнауын пайдалану комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 39, 518-құжат):

      4-тармақтағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12 N 943 Қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.08.2014 N 938 қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.08 N 1201 Қаулысымен.
      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
      9. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      10. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.

      12. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):

      2-тармақтағы "бес, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi" деген сөздер "екi вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтарындағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:

      15-тармақтың үшiншi абзацындағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.

      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2007.10.12 N 944 (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.08 N 1201 Қаулысымен.
      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
      16. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
      17. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.
      18. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
      19. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.04.24 N 387 Қаулысымен.
      20. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.12.06 N 1193 Қаулысымен.
      21. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

      22. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 49, 628-құжат):

      3-тармақтағы "екi орынбасары" деген сөздер "бiр орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ережеде:

      15-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.";

      17-тармақтың 1) тармақшасындағы "орынбасарларының" деген сөз "орынбасарының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      18-тармақтағы "оның орынбасарларының" деген сөздер ", оның орынбасарының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      23. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.09.2014 № 1011 қаулысымен.
      24. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

      25. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "төрт" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2), 4) және 5) тармақшалардағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.

      26. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 25, 311-құжат):

      2-тармақтағы "алты вице-министрi, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi" деген сөздер "үш вице-министрi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың 1) тармақшасындағы ", оның iшiнде бiр бiрiншi" деген сөздер алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады