Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 944 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармацевтикалық бақылау комитеті болып қайта аталсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы:
      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 4-тармақты;
      2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметке тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға 1-қосымшаның 23-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 Қаулысына  
1-қосымша     

      Ескерту. 1-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 қаулысына 
2-қосымша     

      Ескерту. 2-қосымшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1005 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2007 жылғы 12 қазандағы
N 944 қаулысымен  
бекітілген  

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1124 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 533-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 1125 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 42, 534-құжат) 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мен 2-тармағы алынып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1327 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 628-құжат) 2 және 3-тармақтары алынып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің қарамағындағы ұйымдарды қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі N 760 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 31, 403-құжат) 3-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы N 134 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 7, 58-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 13-тармағы алынып тасталсын;

      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.10.07 N 1541 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады