Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесiн құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 наурыздағы N 142 Қаулысы

      "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің "Кеме қатынасының тiркелiмi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) құрылсын.

      2. Мекеме қызметiнiң мәнi iшкi суларда жүзетiн кемелердiң, "өзен-теңiз" суларында жүзетiн кемелердiң техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және олардың сыныптамасына байланысты функциялар болып белгiленсiн.

      3. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) Мекеменiң Жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен;
      2) (күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.15  N 339 Қаулысымен)
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.12.06. N 1193 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз); 19.09.2014 № 995 қаулыларымен.

      6. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 18 мамырдағы N 437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж.,  N 19, 317-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi N 3928 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 9 шілдедегi N 651  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 22, 190-құжат).

      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады