Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы кейбiр ұйымдарды Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 158 Қаулысы

      "Мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бiр түрiнен екiншi түрiне беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 22 қаңтардағы N 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы әкiмiнiң "Мемлекеттiк қуыршақ театры", "Ықылас атындағы Республикалық музыкалық халық аспаптар мұражайы", "Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсiреповтiң мемлекеттiк әдеби-мемориалдық мұражай кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындарын, "Жамбыл атындағы Мемлекеттiк республикалық жасөспiрiмдер кiтапханасы", "С. Бегалин атындағы Мемлекеттiк республикалық балалар кiтапханасы" мемлекеттiк мекемелерiн мүлiктiк кешендер ретiнде республикалық меншiктен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлiгi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi және Алматы қаласының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарды қабылдау-беру жөнiндегi ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

      2)  күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2014 № 1003 қаулысымен.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796; 23.09.2014 № 1003 қаулыларымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнің
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады