Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 164 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" акционерлiк қоғамын құру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 тамыздағы N 878  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 33, 456-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      7-тармақ "Экономика және бюджеттiк жоспарлау," деген сөздерден кейiн "Сыртқы iстер, Көлiк және коммуникация," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады