Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 671 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 наурыздағы N 181 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 1 шiлдедегi N 671  қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      тақырыбындағы "хаттама жасасу" деген сөздер "хаттамаға қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтыру енгiзуге рұқсат бере отырып, 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Еркiн сауда туралы келiсiмге Еркiн сауда режимiнен алып қоюлар туралы хаттамаға қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн".

      2. Осы қаулы қол қойылған күніне бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады