Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң
шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнiмдердiң
нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi
туралы хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
хаттаманы ратификациялау туралы
2004 жылғы 22 қарашада Мәскеу қаласында жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келісімнің шеңберiнде жеткiзiлетiн әскери мақсаттағы өнімдердің нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттамаға ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартына
қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық
ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң
шеңберiнде жеткiзiлетiн Әскери мақсаттағы өнiмдердiң
нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы
хаттамаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауiпсiздiк шарты Ұйымына мүше мемлекеттер,
Ұжымдық қауiпсiздiк тұжырымдамасының ережелерiн және 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартына (бұдан әрi - Шарт) қатысушы мемлекеттердiң коалициялық стратегиясының олардың қарулы күштерi ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiнiң күштерi мен құралдарының құрамына енетiнi және Шарттың 4-бабын iске асыру мақсатында әскерлердiң коалициялық (өңiрлiк) топтарына енгiзіле алатыны туралы негiзгi ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгi қағидаттары туралы келiсiмнiң (бұдан әрi Келiсiм) және келісімнің шеңберiндегi жабдықталатын Әскери мақсаттағы өнiмдердiң нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманың (бұдан әрi - Хаттама) шеңберiндегi өзара iс-қимылдың тиiмділігін арттыруға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Бақылаудың құралы Келiсiмнiң 1, 2, 6 және 10-баптарына (жаңадан нөмiрленген) сәйкес жеңілдiк шарттарымен жеткiзiлген әскери мақсаттағы өнiмдер болып табылады.
Хаттаманың 3-бабы екiншi абзацындағы "ұжымдық қауiпсiздiк өңiрлерiндегі көпжақты күштер мен құралдардың құрамына бөлiнген әскери құралымдарда" сөздерi "ұлттық қарулы күштерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шартына қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негiзгі қағидаттары туралы келiсiмнің шеңберiндегi Әскери мақсаттағы өнiмдердiң нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi туралы хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Осы Хаттама Келiсiмнiң 14-бабында (жаңадан нөмiрленген) көзделген тәртіпте күшіне енедi.
Орыс тiлiндегi бiр түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған мемлекеттердiң әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесiн жiберетiн Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарты Ұйымының Хатшылығында сақталады.
Армения Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшiн
Беларусь Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Қазақстан Республикасы үшiн Тәжiкстан Республикасы үшiн