Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 сәуірдегі N 233 Қаулысы

      Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "ҚазТрансГаз" акционерлiк қоғамы Қазақстанның оңтүстiк өңiрлерiнiң тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн табиғи газды және М-100 отындық мазутты (бұдан әрi - отын) берушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 026 "Қазақстанның оңтүстiк өңiрi тұтынушыларын тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде 2274216000 (екi миллиард екi жүз жетпіс төрт миллион екi жүз он алты мың) теңге сомасында отынды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес отынды мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады