Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне)) көшу бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 11 маусымдағы N 565 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 26, 247-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) атауында, кiрiспеде және 1-тармақта "Ұлттық тiзiлiмдерiн" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2 және 3-тармақтарда "Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.";
4) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық тiзiлiмдерiн жасау мақсатында Жеке (заңды) тұлғаның бiрыңғай нөмiрiне (сәйкестендiру нөмiрiне (бизнес-сәйкестендiру нөмiрiне) көшу бағдарламасында:
атауында және мәтiнде "Ұлттық тiзiлiмдерiн", "Ұлттық тiзiлiмдерде", "Ұлттық тiзiлiмдерiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн", "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде", "Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Кiрiспе" деген 2-бөлiмнiң екiншi абзацында "және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi" деген сөздер алынып тасталсын;
". Мәселенiң қазiргi жай-күйiн талдау" деген 3-бөлiмнiң төртiншi және бесiншi абзацтарында "Iшкi iстер министрлiгiнде", "Iшкi iстер министрлiгi" деген сөздер тиiсiнше "Әдiлет министрлiгiнде", "Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi" деген 5-бөлiмде:
2-кiшi бөлiмнiң бiрiншi абзацында "Iшкi iстер министрлiгi", "Iшкi iстер министрлiгiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Әдiлет министрлiгi", "Әдiлет министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-кiшi бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Атап айтқанда, "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы", "Қазақстан Республикасының Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәселелерi бойынша кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заңдарды әзiрлеу мен қабылдауды, сол сияқты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы заң жобаларын iске асыру жөнiндегi қаулыларын әзiрлеу мен қабылдауды және ведомстволық кесiмдердi қабылданған заң жобаларына сәйкес келтiрудi қамтитын нормативтiк базаны қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзу талап етiледi.";
"Бағдарламаны жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 1-жолда:
"Iс-шара" деген бағанда "1) "Ұлттық тiзiлiмдер туралы"; 2) "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы"; 3) "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзуге байланысты кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздер "1) "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2) "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi, Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген бағанда "2004 жылдың 1 қыркүйекке дейiн" деген сөздер "2006 жылғы 1 тамызға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолда:
"Iс-шара" деген бағанда "Ұлттық тiзiлiмдер туралы", "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы", "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзуге байланысты кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы", "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық кесiмдерiне Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауаптылар" деген бағанда "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi, Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 3-жолда:
"Iс-шара" деген бағанда "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы", Қазақстан Республикасының Заңына және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Сәйкестендiру нөмiрлерi ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Қаржы министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi, Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көшi-қон және демография жөнiндегi агенттiгi," деген сөздер алынып тасталсын;
"Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолда:
"Iс-шара" деген бағанда "Ұлттық тiзiлiмдер" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Ақпарат министрлiгi" деген сөздер "Мәдениет және ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген бағанда "2005 жыл" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлген күнiнен бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолда:
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген бағанда "Ұлттық тiзiлiмдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын қолданысқа енгiзу туралы" Заңға сәйкес келтiрiлген күннен бастап" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетiлген мерзiмде" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолда:
"Орындалуына (жүзеге асырылуына) жауапты" деген бағанда "Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi, Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Әдiлет министрлiгi" деген сөздер "Әдiлет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Көші-қон және демография жөнiндегi агенттiгi" деген сөздер алынып тасталсын;
"Кедендiк бақылау агенттiгi" деген сөздер "Қаржы министрлiгiнiң Кедендiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Орындалу (жүзеге асырылу) мерзiмi" деген бағанда "2007 жылғы 1 қаңтарға дейiн" деген сөздер "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi