Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына осы мемлекеттердiң азаматтарына берiлетiн шарттарда жалпы бiлiм беретiн мекемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң бiлiм алушылары мен педагог қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі N 283 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2004 жылғы 16 сәуiрде Чолпон-Ата қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң азаматтарына осы мемлекеттердiң азаматтарына берiлетiн шарттарда жалпы бiлiм беретiн мекемелерге қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң бiлiм алушылары мен педагог қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау туралы келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің
азаматтарына осы мемлекеттердiң азаматтарына берілетін
шарттарда жалпы бiлiм беретiн мекемелерге қол жетімділікті
қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң
бiлiм алушылары мен педагог қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау
туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге үкiмет атынан қатысушы мемлекеттерi,
      Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы келiсiмiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының бiрыңғай жалпы бiлiм беру кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегі ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 17 қаңтардағы келiсiмiнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасында бiлiм беру саласындағы дәстүрлi байланыстарды ескере отырып,
      бiлiм беру жүзеге асырылатын аумақтағы Тараптардың азаматтарымен қатар Тараптардың азаматтарына жалпы бiлiм алуға тең құқық ұсыну үшiн бiрыңғай тәсілдемелердi пысықтауда өзара iс-әрекет қажеттігін ұғына отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар бiлiм беру жүзеге асырылатын аумақта Тараптардың азаматтарымен мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарының шегiнде тең құқықта бiлiм беру үшiн Тараптардың азаматтарына жалпы бiлiм беру мекемелерiнде қол жетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

  2-бап

      Жалпы бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын және мемлекеттiк аккредиттеуден өткен жалпы бiлiм беретiн мекемелерге Тараптардың азаматтарын қабылдау тәртiбi білiм берудi жүзеге асыратын аумақтағы Тараптардың заңнамаларымен, осы Келiсiммен және жалпы бiлiм беретiн мекемелердің жарғыларымен айқындалады.

  3-бап

      Тараптар Тараптардың азаматтарын жалпы бiлiм беру мекемелерiне олардың аумағында тұрақты тұратындарды, тiкелей шарттар бойынша, сондай-ақ жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң арасындағы шарттар бойынша қабылдауға ықпал етедi.

  4-бап

      Тараптардың азаматтарын жалпы білім беру бағдарламаларын iске асыратын және мемлекеттiк аккредиттеуден өткен мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқыту өтеу негiзiнде жүзеге асырылады.

  5-бап

      Тараптар білім берудi жүзеге асыратын аумақта Тараптардың мемлекеттiк тілін үйрену үшiн шараларды әзiрлеуге және iске асыруға ықпал етедi.

  6-бап

      Тараптар жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқуы кезеңiнде бiлiм беру жүзеге асырылатын аумақта Тараптардың заңнамаларына сәйкес кемсiтушiлiктiң барлық түрлерiнен қорғау, бiлiм алушылардың өмiрiн, әлеуметтiк құқығын және денсаулығын қорғауды қамтамасыз етедi.

  7-бап

      Тараптар мүдделi тараптардың арасында жасалған қосымша келiсiмдерге сәйкес басқа Тараптардың жалпы бiлiм беру мекемелерiнде жұмыс iстейтiн педагогикалық қызметкерлердi әлеуметтік қорғау шараларын әзiрлеуге және iске асыруға ықпал етедi.

  8-бап

      Осы Келiсiм Тараптар қатысушылар болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттерiне қатысы жоқ.

  9-бап

      Осы Келiсiмдi қолданумен және түсiндiрумен байланысты даулы мәселелер туындаған жағдайда Тараптардың арасында кеңестер және келiссөздер жүргiзу арқылы шешiледi.

  10-бап

      Осы Келiсiм оның күшіне енуi үшiн қажетті ішкі мемлекеттiк рәсiмдердi Тараптардың орындауы туралы депозитарийдiң үшіншi хабарламаны алған күнiнен бастап күшіне енедi. Iшкі мемлекеттiк рәсiмдердi кейiнiрек орындаған Тараптар үшiн депозитарийға тиiстi құжаттарды тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

  11-бап

      Осы Келiсiм осындай қосылу туралы құжаттарды депозитарийға тапсыру жолы арқылы оның ережелерiн танитын басқа мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.

  12-бап

      Осы Келiсiмге енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Хаттамамен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 10-бабымен белгiленген тәртiпке сәйкес күшiне енедi.

  13-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, келесi бес жыл кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.

  14-бап

      Кез келген Тарап осы депозитарий шыққанға дейiн 6 ай мерзiмнен кешiктiрмей жазбаша хабарлама жiберу арқылы осы Келiсiмнен шыға алады.

      2004 жылғы 16 сәуiрде Чолпан-Ата қаласында бiр түпнұсқа данасында орыс тілінде жасалған. Түпнұсқа данасы осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.

Әзiрбайжан                       Молдова Республикасының
Республикасының                  Yкiметi үшiн
Yкiметi үшiн

Армения Республикасының          Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн                     Үкiметі үшін

Беларусь Республикасының         Тәжікстан Республикасының
Yкiметi үшiн                     Үкіметі үшін

Грузия Yкiметi үшiн              Түрікменстан Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының        Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн                     Үкіметі үшін

Қырғыз Республикасының           Украина Үкіметі үшін
Үкіметі үшін

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерi азаматтарының осы мемлекеттердiң азаматтарына жасалатын жағдайда жалпы бiлiм беретiн мекемелерiне қол жетiмдiлiктi, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң бiлiм алушылары мен педагог қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiмiне

Азербайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПIКIРI

      Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы 1992 жылғы 15 мамырдағы келiсiмiнiң және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының бiрыңғай жалпы бiлiм беру кеңiстiгiн қалыптастыру жөнiндегi ынтымақтастық туралы 1997 жылғы 17 қаңтардағы келiсiмнiң ережелерi Азербайжан Республикасы үшiн бiрiншi құжатқа қосылғанда және екеуi бойынша қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердi орындаған соң күшiне енедi.

Азербайжан Республикасы
Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары                   А. Аббасов

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерi азаматтарының осы мемлекеттердiң азаматтарына жасалатын жағдайда жалпы бiлiм беретiн мекемелерiне қол жетiмдiлiктi, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мекемелердiң бiлiм алушылары мен педагог қызметкерлерiн әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету туралы келiсiм жобасына
                    Грузияның ескертпесi

           кiрiспедегі екiншi абзац алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады