Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Ішкі нарықты жемiс-көкөнiс өнiмiмен толтыру үшiн қолайлы жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар, Көлiк және коммуникация министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнің Бәсекелестiктi қорғау комитетi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi мұнай өнiмдерi, газ, электр энергиясы, темiр жол көлiгiнің қызметтерi, табиғи монополиялардың қызметтерi бағаларының (тарифтерiнiң) негiзсiз өсуiне жол бермеу жөнiнде шаралар қабылдасын.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) халыққа арналған тауарлар мен қызметтердiң негiзгi тобы, бiрiншi кезекте ет пен жемiс-көкөнiс өнiмi мен өзге азық-түлiк бағаларының негізсiз өсуiне жол бермеу жөнiндегi жұмысты күшейтсiн;
2) штабтардың азық-түлiк тауарларын халыққа жылжыту мәселелерi жөнiндегі тиiмдi жұмысын, көрсетiлген штабтардың жанынан сенiм телефондарын, сондай-ақ халық арасында тиiстi өңiрде жергiлiктi базарларға жемiс-көкөнiстiң және басқа да ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жеткiзілуiн кеңейту жөнiнде қабылданып жатқан шаралар туралы түсiндiру жұмысын қамтамасыз етсiн;
3) көлiк құралдарынан сатуды және "жол маңында сатуды" ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнiмiнiң саудасы үшiн қосымша мамандандырылған алаңқайларды ұйымдастыру жөнiндегi жұмысты жалғастырсын;
4) санитарлық-эпидемиологиялық, фитосанитарлық және өртке қарсы қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейiн қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмдерiн сату орындарына оларды жеткiзудiң оңайлатылған тәртiбi жөнiнде шаралар қабылдасын;
5) тұрақты негiзде оңтүстiк өңiрлерден, сондай-ақ шектес мемлекеттерден жеткiзушiлердi тарта отырып, республика өңiрлерiнде тез бұзылатын жемiс-көкөнiс, бақша және ет өнiмiнiң жәрмеңкелерiн өткiзсiн.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер, Көлiк және коммуникация министрлiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн Өзбекстан мен Қырғызстаннан Қазақстан өңiрлерiне тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдарын заңсыз тоқтату, тексеру және кiдiрту жағдайын болдырмау жөнiнде тиiстi шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiнiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi және "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен 15 сәуiрден бастап 1 қазан аралығында тез бұзылатын жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн тасымалдау кезiнде темiр жол тарифтерiн 50%-ға маусымдық төмендетудi қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Қаржы, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы және Денсаулық сақтау министрлiктерi тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн мемлекеттiк шекара арқылы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өткiзудiң оңайлатылған тәртiбiн ұйымдастырсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдiктерiмен бiрлесiп, тұрақты негізде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнен баратын пунктке дейiнгi тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiнiң бағаларына, көлемiне мониторинг жүргiзсiн және ай сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгiне ақпарат берсiн.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Индустрия және сауда министрлiктерi тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн жылдам өткiзу мақсатында өзбек және қырғыз тараптарымен өткiзу пункттерiнде көрсетiлген өнiмi бар көлiк құралдарын "бiр аялдама" қағидаты бойынша өткiзу тәртiбiн келiсу жөнiнде жұмыс жүргiзсiн.
8. Қазақстан Республикасы Қаржы, Көлiк және коммуникация, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау министрлiктерi Қазақстан өңiрлерiне тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн тасымалдауды қамтамасыз ететiн, автокөлiк құралдары белгiленген талаптарға сәйкес келетiн тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автомобиль өткiзу пункттерi арқылы және Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау және iшкi iстер органдарының бекеттерi арқылы жүрiп өтуiнiң оңайлатылған тәртiбiн қамтамасыз етсiн.
9. "Жеке тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзуiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 наурыздағы N 217 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 12, 121-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оларға қатысты жеңiлдетiлген тәртiп көзделмеген тауарларды оңайлатылған тәртiппен өткiзуiнiң салмақтық және құндық нормаларында:
2) тармақшадағы "ЕурАзЭҚ" деген сөздiң алдынан "қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "болса" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) автокөлiк құралдарының заңнамада белгiленген жол берiлетiн салмақтық параметрлерi сақталған кезде осы қаулыға қосымшаға сәйкес тез бұзылатын жас жемiс-көкөнiс, жемiс-жидек, бақша өнiмi бойынша жалпы салмағы қоса есептегенде 10000 (он мың) килограмға дейiн болса";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
10. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiппен шектес мемлекеттердiң құзыреттi органдарына осы қаулыға сәйкес қабылданатын шаралар туралы хабардар етсiн.
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 сәуірдегі
N 285 қаулысына
қосымша
Жеке тұлғалардың Қазақстан
Республикасының кеден шекарасы
арқылы оларға қатысты
жеңілдетілген тәртіп көзделмеген
тауарларды оңайлатылған тәртіппен
өткізуінің салмақтық және құндық
нормаларына қосымша
Тез бұзылатын жас жеміс-көкөніс,
жеміс-жидек, бақша өнімінің тізбесі
1. Картоп.
2. Томат.
3. Түйнекті пияз, сарымсақ.
4. Қауданды қырыққабат.
5. Сәбіз, шалқан, асханалық қызылша, тамырлы балдыркөк, шалғам.
6. Қияр.
7. Жүзім.
8. Алма, алмұрт және алқоры.
9. Өрік, шие, қызыл шие, шабдалы, қараөрік.
10. Қарбыз, қауын.
11. Тәтті бұрыш.
12. Баклажан.