Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі N 312 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне Еуразия даму банкiн құру және оның жұмыс iстеуi үшiн қажеттi iшкi және халықаралық құқықтық құжаттардың және өзге де материалдардың жобаларын әзiрлеу жөнiндегi сараптамалық ұйымдастыру тобын қаржыландыру мақсатында ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетi Хатшылығының арнайы шотына аудару үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 9590100 (тоғыз миллион бес жүз тоқсан мың бір жүз) теңге бөлiнсiн.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.12.22. N  1238  қаулысымен.   
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады