"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Ғарыштық байланыс және радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесiмдiлігі республикалық орталығы" акционерлiк қоғамы 2006 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерiнiң техникалық тапсырмалары мен техника-экономикалық негіздемелерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерiнiң техникалық тапсырмалары мен техника-экономикалық негiздеулерiн әзiрлеу жөнiндегi қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасауды;
2) ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi