Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 сәуірдегі N 332 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi арнайы әскерлерiнiң ұйымдық құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің "Жаркент гарнизонының әскери полиция бөлiмшесi" мемлекеттік мекемесi құрылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi:
      1) "Приозерск гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi" "Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      2) "Балқаш гарнизонының (3-разрядты) әскери полиция бөлiмi" "Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлiмшесi";
      3) "Ақтөбе гарнизонының (1-разрядты) әскери полиция бөлiмi" "Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi" болып қайта ұйымдастырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мынадай мемлекеттік мекемелерi:
      1) "Георгиевка гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi";
      2) "Павлодар гарнизонының анықтау және iздестіру бөлiмшесi";
      3) "Петропавл гарнизонының анықтау және iздестiру бөлiмшесi" таратылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 2 ақпандағы N 84  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 5, 42-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1-тармақта:
      3), 14) және 21) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Ақтөбе гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi";
      14) "Балқаш гарнизонының әскери полиция бөлiмшесi";
      21) "Приозерск гарнизонының (2-разрядты) әскери полиция бөлiмi;";
      17), 19) және 20) тармақшалар алынып тасталсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекеменiң жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады