Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 3 мамырдағы N 364 Қаулысы

      Мемлекеттiк активтердi тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне "Самұрық" мемлекеттік активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 200000000 (екi жүз миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады