Қазақстан Республикасында тау-кен-металлургия саласын дамытудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 мамырдағы N 376 Қаулысы

      Қазақстан Республикасында тау-кен-металлургия саласын дамыту және ел экономикасына инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      "ENRC Eurasian Natural Resources Corporation" акционерлiк компаниясымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының қатысумен Ұлыбритания аумағында құрылатын компанияның (бұдан әрi - Компания) жарғылық капиталын төлеуге Компанияның бағалы қағаздарын халықаралық және қазақстандық қор нарықтарына шығару үшiн "Қазхром" трансұлттық компаниясы", "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндiрiстiк бiрлестiгi", "Еуразия энергетикалық корпорациясы" акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн берудi;
      мемлекет мүдделерiне қысым жасалуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Әдiлет, Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерiмен, сондай-ақ тәуелсiз шетелдiк сарапшылармен бiрлесiп, Компанияны құру және оның жұмыс iстеуi кезiнде мемлекеттiк мүдделердiң сақталуын көздейтiн Компания акционерлерiнiң арасындағы Келiсiмдi (бұдан әрi - Келiсiм) әзiрлеудi, оның iшiнде Келiсiмге Компанияның бағалы қағаздарын халықаралық қор нарығына шығарғанға дейiн қолданылатын ерекше ("алтын") акция туралы ереженi қосуды;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмге, сондай-ақ Компанияның құрылтай құжаттарына қол қоюды;
      осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген қорытындыны ұсынуды;
      осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      2. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "Credit Suisse Securities (Europe) Limited" компаниясы Компанияның жарғылық капиталы төленетiн акцияларды бағалауға қатысты қорытынды беру жөнiндегi қызметтердi көрсетуші болып белгiленсiн.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады