"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 мамырдағы N 385 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба  

  Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Заңы

      

      1-бап . Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 140-құжат; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат, N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; 2006 ж. 28 қаңтардағы "Егемен Қазақстан" және 2006 ж. 31 қаңтардағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 ж. 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 ж. 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 ж. 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 ж. 10 наурыздағы "Егемен Қазақстан" және 2006 ж. 11 наурыздағы "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне адамды саудаға салуға қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 2 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      209-баптың төртiншi бөлiгiнде:
      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жетпiс" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; 2006 ж. 15 ақпандағы "Егемен Қазақстан" және 2006 ж. 14 ақпандағы "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2006 ж. 24 ақпандағы "Егемен Қазақстан" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне секьюритилендiру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 ж. 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы:
      "заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
      "әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, таза табысты бөлу кезiнде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды" деген сөздер алып тасталсын;
      2) 91-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) дивидендтер;";
      10) тармақша алып тасталсын;
      3) 93-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "тәулiктiк ақы" деген сөздерден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) салық төлеушi кiру визасын ресiмдеген кезде жұмсаған шығыстары (визаның, консулдық қызметтер құны, мiндеттi медициналық сақтандыру)";
      4) 120-бапта:
      2-тармақ "ұйымның" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы салық төлеушiнiң қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек әдiсi бойынша анықталады.";
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Шегерiмге жатқызылатын шығыстар сомасы барабарлық әдiсi бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағын негiзге ала отырып анықталады.
      7. Бөлек әдiсi бойынша салық төлеушi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.";
      5) 122-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Банктер мен банк операциясының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде 2005 жылғы 1 қаңтардан 2007 жылғы 31 желтоқсан аралығы кезеңiнде жеке мұқтаждары үшiн тұрғын үйлердi сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзiмге жеке тұлғаларға берiлген ипотекалық қарыздар бойынша алынған (алынуға тиiс) сыйақы сомасына салық салынатын кiрiстi азайтады.";
      6) 126-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      8-тармақта:
      "түзетiлген" деген сөз "қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "түзетудiң себептерiн жазбаша негiздей отырып," деген сөздер алып тасталсын;
      7) мынадай мазмұндағы 129-1 баппен толықтырылсын:

      "129-1 бап. Дивидендтерге салық шегерiмi

      1. Резиденттерге дивидендтер төлеу кезiнде салық төлеушiлер ұстап қалатын салық сомасы корпоративтiк табыс салығын төлеу кезiнде есепке алынады.
      2. Шегерiм, осы баптың 1 тармағында көрсетiлген, мұндай есептелуден:
      есеп кезеңi iшiнде, осы Кодекстiң 129 және 131 баптарында көрсетілген шегерiмдер сомасының есебiмен осы Кодекстiң 125 бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасы
      плюс
      өткен екi есептiк салық кезеңi үшiн осы бапта көзделген есепке алу сомаларын ескере отырып, осы Кодекстiң 125-бабына және осы Кодекстiң 129, 131-баптарына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы
      плюс
      осы есеп кезеңi мен өткен есеп кезеңiнiң екi салық кезеңiнде салық төлеушiлерге Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы дивидендтер төлеу кезiнде ұстап қалынған салық сомасынан аспауы тиiс.
      3. Есептi салық кезеңiнде корпоративтiк табыс салығының сомасынан артқан шегерiм сомасы келесi ағымдағы үш салық кезеңдерi бойынша есептелiнедi.";
      8) 140-1-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi-жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "мәтiндердi өңдеу үшiн машиналар, көшiру-көбейту жабдықтар, жөнелту машиналар, калькуляторлар, кассалық аппараттар, маркiлеу машиналар, билет-кассалық машиналар өндiрiсi, ақпаратты өңдеу үшiн басқа да кеңсе машиналар және жабдықтар, электронды есептеу машиналар мен өзге де жабдықтар өндiрiсi;
      электр- және радио құрамдауыштар, таратушы аппаратура, қабылдау, жазу және дыбыс пен бейненi жаңғырту аппаратура өндiрiсi;
      тұрмыстық электр аспаптар өндiрiсi;";
      9)  144-бапта:
      3) тармақшадағы "(жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа)" деген сөздер алып тасталсын;
      5-2) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) лотерея бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 процент шегiндегi ұтыстар;";
      12) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 240 еселенген" деген сөздер "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 20 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 70 еселенген" деген сөздер "әрбiр төлем түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 8 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Салық ставкалары

      1. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң салық салынатын табыстарына 10 процент ставкасы бойынша салық салынуға тиiс.
      2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түрiндегi табыстарға 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.";
      11) 152-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "бiр айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздер "ең төменгi жалақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңдарына сәйкес тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдi жөндеу, салу немесе сатып алу үшiн алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.";
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерiм жүргiзiлмейдi.";
      2-тармақта:
      "2) және 4)" деген сөздер "4), 6), 7)" деген сандармен ауыстырылсын;
      "(асырауындағыларға)" деген сөз алып тасталсын;
      12) 153-баптың 1-тармақтағы, 155, 160, 162, 164, 174 баптардағы "белгiленген ставкаларды" деген сөздер "белгiленген ставканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      13) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "156-бап. Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерi

      Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiндегi сомасына азайтылған төлемдер жатады.";
      14) 168-баптың 1-тармағындағы "3-тармағында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 192-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "500 айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздер "60 еселенген ең төменгi жалақының мөлшерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 229-бап "өткiзуiне" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт жөнiнде қызмет көрсетумен";
      17) 234-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "қағаз" деген сөз алып тасталсын;
      18) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:

      "244-1 бап. Жекелеген жағдайлардағы салық төлеу тәртiбi

      1. Ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен қосымша құн салығын төлеудi жүргiзедi.
      2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеудi жүргiзетiн ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
      1) қоғамдық азық-түлiк өнiмдерi саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:
      жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеу және консервiлеудi;
      ет өнiмдер өндiрiсiн;
      өсiмдiк және жануар майы мен тоң майын жасауды;
      сүттi қайта өңдеу мен iрiмшiк өндiрiсiн жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      2) шағын бизнес субъектiлерi yшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;
      3) акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
      3. Осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасы 50 процентке азаяды.";
      19) 245-баптың 1 және 3-тармақтарында:
      "15" деген сандар "14" деген сандармен ауыстырылсын;
      "14" деген сандар "13" деген сандармен ауыстырылсын;
      "13" деген сандар "12" деген сандармен ауыстырылсын;
      20) 250-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiк мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-3) теңiз кемелерiнiң;";
      21) 317-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме филиалдар мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын резидент еместер мынадай ставкалар бойынша әлеуметтiк салық төлейдi:

Салық төлеушiнiң салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептiк  көрсеткiшке дейiн

салық салынатын табыс сомасынан 13 процент

15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 11 процент

40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 9 процент

200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 7 процент

600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен

600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын сомадан 5 процент

                                                               ";
      2-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақта:
      "үш" деген сөз "екi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "екi айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздер "бiр айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "6,5" деген сандар "4,5" деген сандармен ауыстырылсын;
      22) 318-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi ", 2" деген сан алып тасталсын;
      23) 371-баптың 4-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) қаржылық қызмет көрсететiн;";
      24) 375-баптың 1-тармағындағы "3" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын;
      25) 377-бапта:
      1-тармақтағы "тиiстi салық ставкасын" деген сөздер "3 процент мөлшерiндегi ставкасын";
      2 және 3-тармақтар алып тасталсын.

      3. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының  Кодексiн  (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" 2001 ж. 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат):
      2-баптың 1-тармағында:
      он төртiншi және он бесiншi абзацтар алып тасталсын;
      он сегiзiншi абзацтағы ", бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң:
      1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағының 18) тармақшасының үшiншi абзацын, 20) және 21) тармақшаларын;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағының 18) тармақшасының төртiншi абзацын қоспағанда, 2007 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады