"Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 мамырдағы N 388 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасының Заңы

Мақта саласын дамыту туралы

      Осы Заң Қазақстан Республикасында мақта саласын дамытудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негiздерiн айқындайды және мақтаны өндiру, қайта өңдеу, сақтау және сату процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

       Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) мақта шаруашылығы - өсiмдiк шаруашылығының мақта өндiру жөнiндегi саласы;
      2) мақта - шиттi мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
      3) шиттi мақта - тұқымынан бөлiнбеген талшық;
      4) мақта талшығы - шиттi мақтаны бастапқы қайта өңдеу нәтижесiнде алынатын негiзгi өнiм;
      5) мақта талшығының бумасы - мемлекеттiк стандарттарды, стандарттау бойынша нормалар мен басқа да нормативтiк құжаттарды сақтай отырып шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу нәтижесiнде алынған, мақта талшығын ерекше әдiспен нығыздаған белгiлi көлемi;
      6) мақта тұқымы - шиттi мақтаны бастапқы қайта өңдеу нәтижесiнде алынған және тұқымдық, азықтық, техникалық мақсатта пайдаланылатын мақта жемiсi;
      7) мақтаны қайта өңдеу ұйымы - меншiк құқығында мақта тазалайтын зауыты бар, шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiнде қызмет көрсететiн заңды тұлға;
      8) мақта тазалайтын зауыт - шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге арналған арнайы мамандандырылған техникалық ғимарат;
      9) мақта қабылдау орыны - шиттi мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған арнайы мамандандырылған техникалық ғимарат;
      10) мақта иесi - мақтаны қайта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) алғашқы қайта өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген тұлға;
      11) сақтау шарты - шиттi мақтаны сақтау шарты;
      12) қайта өңдеу шарты - шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету шарты;
      13) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) алғашқы қайта өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растайтын мақтаны қайта өңдеу ұйымы беретiн қос қойма куәлiгi;
      14) мақта қолхатын ұстаушы - мақта иесi, мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
      15) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық алған мақта иесi, қойма куәлiгiнде индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
      16) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде мақтаны кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға;
      17) шиттi мақтаны сақтау - шиттi мақтаны қабылдау, сақтау және босату жөнiндегi технологиялық операциялар кешенi;
      18) шиттi мақтаны мақта талшығына алғашқы қайта өңдеу - мақтаны қайта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шиттi мақтаны қабылдау, тазалау және босату; мақта талшығын және мақта тұқымын қабылдау, сақтау және босату жөнiндегi технологиялық операцияларды қоса алғандағы әрекет;
      19) мақтаның сапасы - стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың, санитарлық және фитосанитариялық ережелердiң, нормалардың және өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
      20) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау - көлiк құралын (қойманы) зерттеудi, сынаманы iрiктеп алу мен сынақтан өткiзудi, шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi ресiмдеудi қамтитын шиттi мақта сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      21) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы iрiктеп алу мен сынақтан өткiзудi, мақта талшығының сапа сертификатын ресiмдеудi қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткiштерiн анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешенi;
      22) мақта рыногының мониторингi - мақта рыногына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, қайта өңдеудi, сақтауды және сатуды қоса алғанда, мақта рыногы мәлiметтерiн жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
      23) шиттi мақта өндiрiсi - шиттi мақта өсiруге бағытталған агротехникалық iс-шаралар кешенi;
      24) мақтаның мамандандырылған ауыспалы егiсi - жердi пайдалану аумағындағы бiр ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiдегi егiстiк жердiң құрылымында мақтаның үлес салмағы жетпiс пайыздан аспайтын жағдайдағы, аурулар мен зиянкестердiң жиналуына кедергi жасайтын, топырақ құнарын сақтау мен көтеруге, шиттi мақтаның өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруға әсер ететiн, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негiзделген кезектесуi;
      25) мақта рыногына қатысушылар - шиттi мақтаны өндiруге, мақта талшығына алғашқы қайта өңдеуге және мақтаны сатуға қатысушы тұлғалар;
      26) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган - мақта шаруашылығы саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      27) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға.

2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiнiң , осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-тарау. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудiң
мақсаты мен нысандары

3-бап. Мақта рыногын мемлекеттiк реттеудiң мақсаты

      Мақта рыногын мемлекеттiк реттеудiң мақсаты мақта саласының дамуы, ғылыми негiзделген технологияларды, техникалық реттеудi енгiзу және мақта шаруашылығын индустриализациялау, оны тоқыма және тамақ өнеркәсiбiмен интеграциялау негiзiнде мақтаның бәсекеге бейiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

4-бап. Мақта рыногын мемлекеттiк реттеудiң нысандары

      Мақта рыногын мемлекеттiк реттеу:
      1) мақта шаруашылығын мемлекеттiк қолдау;
      2) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiн дамыту;
      3) кластерлiк даму принциптерiн есепке ала отырып мақта шаруашылығының тоқыма және тамақ өнеркәсiбiмен интеграциялануын ынталандыру;
      4) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметiн бақылау;
      5) техникалық реттеу;
      6) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiнде қызметтер көрсететiн сынақтан өткiзу зертханаларын тiркеу, сондай-ақ олармен шиттi мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргiзу тәртiбi талаптарын сақтауды бақылау;
      7) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органын тiркеу, сондай-ақ олармен мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүргiзу ережесiн сақтауды бақылау;
      8) мақта рыногының мониторингi;
      9) мақта егiлетiн аймақтарда мақтаның мамандандырылған ауыспалы егiстерiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi сақтауының мониторингi;
      10) монополияға қарсы заңнама арқылы жүзеге асырылады.

5-бап. Мақта шаруашылығы мен мақта рыногын дамытуды мемлекеттiк қолдау нысандары

       Мақта өндiрiсiнiң тұрақтылығын, өнiмнiң сапасын арттыруды, мақта рыногының дамуын, сондай-ақ мақтаны өткiзу рыногын кеңейтудi қамтамасыз ету мақсатында мынадай нысандарда мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады:
      1) мақта шаруашылығы саласында инвестициялық, салықтық, бюджеттiк және кедендiк ынталандырушы саясаттарды қалыптастыру және жүзеге асыру;
      2) мемлекеттiк бюджет есебiнен мынадай iс-шараларды ұйымдастыру:
      мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру;
      мақтаның селекциясын және тұқым шаруашылығын дамыту жөнiндегi ғылыми зерттеулер мен iс-шаралар жүргiзу;
      шиттi мақта өндiрудiң ғылыми негiзделген технологиясын енгiзу;
      шиттi мақтаны өндiру кезiнде егiстiк аудандардың құрылымын оңтайландыру және мақтаның мамандандырылған ауыспалы егiсiн енгiзу;
      мелиорациялық және жер суландыру жұмыстарын жүргiзу;
      мақта егілетiн аймақтарда өсiмдiктердi қорғау мен карантинге қаражат бөлу;
      мақта өндiру және тоқыма өнеркәсiбi салалары үшiн мемлекеттiк бiлiм тапсырысына сәйкес мамандар дайындау;
      3) мақта өндiрушiлер мен мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына техника мен жабдықты лизингтiк жеткiзудi жүзеге асырушы арнайы мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу;
      4) шиттi мақта өндiрушiлерге мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
      5) мақта рыногына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретi

       Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) мақта шаруашылығындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, мақта рыногының даму стратегиясын әзiрлейдi және iске асыруды қамтамасыз етедi;
      2) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарды; шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiн, сонымен қатар шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензия нысанын бекiтедi;
      3) сақтау бұқаралық шартының және қайта өңдеу бұқаралық шартының үлгi нысандарын бекiтедi;
      4) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының қызмет етуi және таратылуы ережесiн мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы ережесiн; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының кепiлдiк алуы ережесiн; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының мiндеттерiн жоюы тәртiбiн, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларында мемлекеттiң қатысуы нысаны мен тәртiбiн бекiтедi;
      5) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды және мақта талшығының сапасына сертификат берудi жүзеге асыратын сараптама жасау органын айқындайды;
      6) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органына қойылатын бiлiктiлiк талаптарды; мақта талшығының сапасына сараптама жасау және мақта талшығының сапасына сертификат беру ережесiн бекiтедi;
      7) мақта рыногы саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады.

7-бап. Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның құзыретi

       Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) мақта шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;
      2) мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады;
      3) мақта рыногы мониторингiн жүргiзу; мақтаның сандық-сапалық есебiн жүргiзу; мақтаны қайта өңдеу кәсiпорнын уақытша басқаруды жүргiзу; мақта қолхаттарын беру, айналысы, жою және өтеу, мақта қолхатының нысаны (үлгiсi) мен сипаты; шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудiң технологиялық процесiн ұйымдастыру; шиттi мақта өндiрушiлерге мақтаның мемлекеттiк тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру ережелерiн әзiрлеу және бекiту;
      4) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге; мақта талшығына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органына қойылатын бiлiктiлiк талаптарды әзiрлеу;
      5) шиттi мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргiзу тәртiбiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк нысанын (үлгiсiн) әзiрлеу және бекiту;
      6) техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша мақта талшығының сапа сертификатының нысандарын (үлгiлерiн) әзiрлеу және бекiту;
      7) мақта рыногының мониторингiн жүргiзу;
      8) мақтаның сапасын бақылау;
      9) мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығының сапа сертификатын беру жөнiндегi сараптама жасау органының қызметiн бақылау;
      10) мақта рыногын реттеу және мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде мақтаны қайта өңдеу ұйымдары қызметiн заңнама талаптарын сақтауы нысанына инспекциялауды (тексеру) өзi және (немесе) сәйкес мемлекеттiк органдарды тарту арқылы жүргiзу;
      11) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамытуы туралы заңнамасының бұзылғандығы туралы жазбаша нұсқама беру;
      12) мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдау; шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияны қайтарып алу туралы; мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот органдарына талап өтiнiш беруге бастама жасау;
      13) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияның күшiн тоқтата тұру уақытында, сондай-ақ осы Заңның 33-бабының 2-тармағында көрсетiлгендей негiз болған жағдайда мақтаны босатуға тыйым салу;
      14) мақта рыногын техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтi құқықтық актiлерге өзгерiстер мен (немесе) толықтырулар енгiзу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарды ақтуалдандыру және бiрегейлендiру туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгiленген тәртiппен ұсыныстар дайындау және енгiзу;
      15) мақтаның мемлекеттiк стандарттарын, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарын және сапасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      16) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк инспекторы туралы ереженi әзiрлеу және бекiту;
      17) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселесi бойынша есеп беру мерзiмдерiн, есеп жүргiзу құжаттарының тiзбесi мен нысандарын белгiлеу кiредi.

8-бап. Жергiлiктi атқарушы органның құзыретi

       Жергiлiктi атқарушы органның құзыретiне:
      1) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау;
      2) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган бекiткен мақта рыногы мониторингiн жүргiзу ережесiне сәйкес мақта рыногы мониторингiн жүргiзуге қатысу;
      3) мақта егiлетiн аймақтарда мақтаның мамандандырылған ауыспалы егiстерiн ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi сақтауының мониторингi;
      4) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырушы мақтаны қайта өңдеу ұйымдарын бақылау, оның iшiнде:
      мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында, белгiленген тәртiппен бекiтiлген шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiне сәйкес, мақтаны қайта өңдеу ұйымдарын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi нысанына лицензиялаудан кейiнгi жыл сайынғы бекiтiлген кестелер негiзiнде зерттеу;
      белгiленген тәртiппен бекiтiлген шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiне сәйкес мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының зерттеу актiлерiн ресiмдеу;
      5) мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға ұсыныс енгiзу; мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот органдарына талап өтiнiш беруге бастама жасау туралы мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға ұсыныс енгiзу;
      6) мақтаның сапасы жөнiндегi мемлекеттiк стандарттарды, нормативтiк құжаттарды, мақта рыногы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      7) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияның күшiн толығымен немесе осы Заңның 31-бабымен белгiленген негiздер бойынша жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде тоқтата тұру, сондай-ақ шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияны керi қайтарып алуға бастама жасау кiредi.

3-тарау. Мақтаның сапасын бақылау

9-бап. Мақтаның сапасын бақылау

       1. Мақтаның сапасын бақылауды мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган жүзеге асырады және мақтаның сапасына қойылатын талаптарды айқындайтын мемлекеттiк стандарттарды және басқа да нормативтiк құжаттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
      2. Мақтаның сапасын бақылауға:
      1) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында мақтаны сақтауға және қайта өңдеуге қабылдау және босату кезiнде мақтаның сапа көрсеткiштерiн айқындауды бақылау;
      2) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегi мақтаның сандық және сапалық жағдайын бақылау;
      3) санитарлық және фитосанитариялық бақылау жатады.

10-бап. Шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау

       1. Шиттi мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген сынақтан өткiзу зертханалары жүзеге асырады.
      2. Кез-келген мақта рыногына қатысушы келiсiм негiзiнде шиттi мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргiзу үшiн тiркелген сынақтан өткiзу зертханасына жолығуға құқылы.
      3. Мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiк беру тәртiбiн, сонымен қатар техникалық реттеудiң мемлекеттiк жүйесi талаптарын сақтау нысанына, кесте негiзiнде жыл сайын, сонымен қатар мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде, шиттi мақтаның сапасына сараптама жасау жөнiндегi тiркелген сынақтан өткiзу зертханалардың қызметiн бақылауды техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкiлеттi орган мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органмен бiрге жүзеге асырады.

11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау

       1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау мiндеттi болып табылады және мақта талшығы бумасының әрбiрi бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады. Мақта талшығы сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз мақта талшығын сатуға жол берiлмейдi.
      2. Мақта талшығының сынамасын сынақтан өткiзудi және сапасына сертификат берудi Қазақстан Республикасының Үкiметi анықтаған сараптама жасау органы жүзеге асырады.
      Сынаманы iрiктеп алуды және сараптама жасау органының сынақтан өткізу зертханасына сынаманы жеткiзудi мақтаны қайта өңдеу ұйымы жүзеге асырады.
      3. Мақта талшығы сапасын объективтi тәуелсiз бағалауды және мақта талшығының нақты сапасы туралы шынайы ақпаратқа мүдделi тұлғалардың қол жеткiзуiн қамтамасыз ету мақсатында мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган, мақта талшығының сапасына сараптама жүргiзу және мақта талшығының сапасына сертификат беру жөнiндегi сараптама жасау органының қызметiне тоқсан сайын, сонымен қатар халықаралық сертификаттау жүйесiнде тiркелген ұйымдарды мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен тарту арқылы мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүргiзу және мақта талшығының сапасына сертификат беру ережесiн сақтау нысанына бақылауды жүзеге асырады.

4-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының
қызметiне қойылатын талаптар

12-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақсаты

       1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы жалпы қолданыстағы тауар қоймасы деп танылады.
      2. Сақтау шарты және қайта өңдеу шарты бұқаралық шарттар болып табылады.
      3. Шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi мақтаны қайта өңдеу ұйымдары атқаратын қызмет шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензия негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензиясы жоқ тұлғаның:
      1) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтердi атқаруға;
      2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларда шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруды бiлдiретiн "мақтаны қайта өңдеу ұйымы", "мақта тазалау зауыты", "мақта қабылдау орыны" деген немесе одан туындайтын сөздердi пайдалануға құқығы жоқ.
      5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымында:
      1) мақта тазалау зауытында:
      бiреуден кем емес мақта қабылдау орыны;
      шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
      таразы жабдығы;
      ауа алмастыру жабдығы;
      тиеу-түсiру техникасы (жабдығы);
      мақтаның сапасын айқындауға арналған өндiрiстiк-технологиялық зертхана;
      мақтаны сақтау үшiн арнайы бөлiнген орын;
      2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орнында:
      шиттi мақтаны жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңқай;
      таразы жабдығы;
      ауа алмастыру жабдығы;
      шиттi мақтаның сынамасын iрiктеп алуға және сынауға арналған зертханалық жабдық;
      тиеу-түсiру техникасы (жабдығы) болуы керек.
      Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының аумағы қоршалған болуы тиiс.

13-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мiндеттерi

       Мақтаны қайта өңдеу ұйымы:
      1) мақтаны сақтау шарттарын сақтауға және стандарттау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес шиттi мақтаны мақта талшығына сапалы бастапқы қайта өңдеудi қамтамасыз етуге;
      2) сақтауға және (немесе) қайта өңдеуге қабылданған мақтаның сандық және сапалық сақталуын берiлген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;
      3) көрсетiлген қызметтер үшiн қарызы жоқ болған жағдайда шарттың жағдайына сәйкес мақта қол хатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны босатуға;
      4) қажет болған жағдайда иесiнiң талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшiн мақта сынамасын алуды қамтамасыз етуге;
      5) сақтау шартында және (немесе) қайта өңдеу шартында көзделген мақтаның иелерi алдындағы мiндеттемелерiн орындауға мiндеттi.

14-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметтерiн төлеу

       Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметтерiн төлеу сақтау шартына және (немесе) қайта өңдеу шартына сәйкес ақшалай немесе мақта иесiнiң мақта қолхатында индоссамент жасай отырып тиiстi мақта мөлшерiн мақтаны қайта өңдеу ұйымына беру арқылы жүргiзiледi.

15-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметiн шектеу

       1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына мыналарды:
      1) тоқыма өнiмдерiн өндiру мен сату;
      2) мақта терминалы, ал сәйкес лицензиясы болған жағдайда - кеден қоймасы ретiнде қызмет көрсетудi қоспағанда, шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге қатысы жоқ кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ кепiлдiктер беруге және үшiншi тұлғаның мiндеттемелерi бойынша өзiнiң мүлiгiн кепiлдiкке қоюға тыйым салынады.
      Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары мақтаны сақтау және шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге байланыссыз қызметi бойынша операциялардың бөлек есебiн жүргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Оларсыз шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру толығымен мүмкiн болмайтындықтан немесе айтарлықтай нашарлайтындықтан мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына негiзгi құралдарын шеттетуге тыйым салынады.
      3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары сақтауға және (немесе) қайта өңдеуге тапсырылған мақтаға иелiк етуге құқығы жоқ.

16-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының есебi және есеп беруi

       1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақтамен жасаған операцияларын көрсететiн құжаттардың қатаң есебiн және сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Есеп құжаттарының тiзбесi мен нысандарын, шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметке, мақта рыногының мониторингiн жүргiзуге қойылатын талаптарды сақтау жөнiндегi есеп беру мерзiмдерiн мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      3. Сақталуға тиiстi құжаттардың тiзбесi, оларды сақтау мерзiмдерi мақтаны сандық-сапалық есептеудi жүргiзу ережесiмен белгiленедi.
      4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның жазбаша сұранысы бойынша мақта рыногын жүргiзу үшiн қажеттi, өзiнiң қызметiне байланысты ақпаратты беруге мiндеттi.

17-бап. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету жүйесi

       1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы өзiнiң мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы мiндеттемелерiн мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысу арқылы орындауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорымен жасалатын қатысу шарты негiзiнде құрылады.
      3. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорлары өз қатысушыларының мiндеттемелерi бойынша субсидиярлық жауапкершiлiк көтередi.
      4. Мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының қызмет етуi және таратылуы ережесiн; мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысуы ережесiн; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының кепiлдiк алуы ережесiн; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларының мiндеттерiн жоюы ережесiн, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларында мемлекеттiң қатысуы нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

18-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының аудитi

       1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылай есеп беруге аудит жүргiзуге мiндеттi.
      2. Егер мақтаны қайта өңдеу ұйымы аудит жүргiзуден жалтаратын болса, аудит кез келген мүдделi тұлғаның талабы бойынша сот шешiмiмен тағайындала алады.
      3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының iшкi аудит қызметiмен жүргiзiлген аудит оны аудит жүргiзу мiндетiнен босатпайды.

      19-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлкiн иелiктен шығару ерекшелiктерi

       1. Мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын иелiктен айыру (сатып алу) жағдайын қоспағанда мақта тазалау зауыты бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және бөлiнбейтiн мүлiк ретiнде иелiктен айырылады (сатып алынады).
      2. Мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын сатудан бұрын екi айдан кешiктiрмей мақтаны қайта өңдеу ұйымы өзiне белгiлi мақта қолхатын ұстаушыларды мүлiктiк кешендi иелiктен айыру туралы жазбаша хабарландыруы, сондай-ақ ол жөнiнде республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарына мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарландыру беруi тиiс.
      3. Мақта қолхатын ұстаушылардың және өзге де мүдделi тұлғалардың талабы бойынша сот осы баптың 1-2-тармақтарын бұза отырып жасалған мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын сату жөнiндегi мақтаны қайта өңдеу ұйымы мәмiлелерiнiң күшi жоқ деп тани алады.
      4. Мақта тазалау зауытының (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының) бұрынғы иесiмен берiлген мақта қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелердi орындау мүлiк кешенiн алу-беру жөнiндегi комиссия жасаған және мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк инспекторы бекiткен мақта қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде мақта тазалау зауытын (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын) сатып алушыға немесе мұндай мүлiктi соттың (төрелiк соттың) шешiмiн орындау ретiнде алған тұлғаға жүктеледi.
      Мақта қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған жағдайда мақтаны қайта өңдеу ұйымымен - мүлiктiң бұрынғы иесiмен берiлген барлық мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау:
      1) мақта тазалау зауытын иелiктен айыру кезiнде - осы мақта тазалау зауытының жаңа иесiне жүктеледi;
      2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын иелiктен айырған кезде - осы мақта қабылдау орынының бұрынғы меншiк иесiмен жүзеге асырылады.
      5. Мақта тазалау зауытын және (немесе) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының жаңа иесi қалған мақталарды түгендеу актiсi бойынша қабылданған мақтаны сақтауды және қайта өңдеудi алдыңғы иесi мен мақта иесiнiң арасында бұрын жасалған қайта өңдеу Шарты негізiнде, ол шарттың қолдану мерзiмi аяқталғанға дейiн жүзеге асырады.
      6. Рынокта басымды жағдайға ие рынок субъектiсi болып табылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiгiн иелiгiнен айыруды, сондай-ақ рынокта басымды жағдайға ие тұлға мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiгiн сатып алуды монополияға қарсы заңнама талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.

5-тарау. Мақта қолхаты

      20-бап. Мақта қолхаты
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақтаны қабылдап алғанын растау үшiн сақтау шарты және (немесе) қайта өңдеу шарты негiзiнде бередi.
      2. Мақта қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Мақта қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
      3. Мақта қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:
      1) лицензиар беретiн мақтаны қайта өңдеу ұйымының коды;
      2) мақта қолхаттарының тiзiлiмi бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмiрi;
      3) мақта қолхаты бланкiсiнiң сериясы және нөмiрi;
      4) мақтаны қабылдап алған мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы, тұрған жерi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      5) мақта иесiнiң атауы: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегi, аты және қалауы бойынша әкесiнiң аты; мақта иесiнiң тұрған жерi: заңды тұлғаның тұрған жерi немесе жеке тұлғаның тұрған жерi; заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi; мақта иесiнiң салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
      6) тұқымның сұрыптық және себу сапасын куәландыратын құжаттың деректемелерi;
      7) мақтаның сапалық және сандық көрсеткiштерi;
      8) мақта сақтаудағы тұрған мақта тазалау зауытының және (немесе) мақта қабылдау орынының орналасқан жерi;
      9) шиттi мақтаны сақтау және (немесе) қайта өңдеу мерзiмi; мақтаның тұқымын және мақта талшығын сақтау мерзiмi;
      10) сақтау шартының және (немесе) қайта өңдеу шартының деректемелерi (нөмiрi және жасалған күнi);
      11) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорына қатысуы туралы белгi;
      12) мақта қолхатын берген күн;
      13) уәкiлеттi тұлғаның қолы және мақтаны қайта өңдеу ұйымының мөрi.
      4. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiнде мынадай ақпарат бар белгi жасалады:
      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, тiлегi бойынша әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi; заңды тұлғаға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жерi;
      2) сыйақы төлембәсiн қоса алғанда кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi, мiндеттеменi орындау мерзiмi;
      3) индоссаттың қолы;
      4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген кyнi.
      5. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен ажыратқан кезде кепiл куәлiгiнде мынадай ақпарат бар белгi жасалады:
      1) жеке тұлғаға қатысты - индоссанттың аты-жөнi және тiлегi бойынша әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi; заңды тұлғаға қатысты - индоссанттың атауы және тұрған жерi;
      2) сыйақы төлембәсiн қоса алғанда кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, мөлшерi, мiндеттеменi орындау мерзiмi;
      3) индоссанттың қолы;
      4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
      6. Осы баптың талаптарына сай келмейтiн құжат мақта қолхаты болып есептелмейдi.
      7. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға мақта қолхаттарына қол қоюға уәкiлеттiгi бар тұлғалардың аты-жөндерi және әкелерiнiң аттары жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн тапсыруға мiндеттi.
      8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi сол мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негiздеме болып табылады.

       21-бап. Мақта қолхатын беру тәртiбi
      1. Мақта қолхаты сапасы бойынша бiртектес әрбiр мақта партиясына берiледi. Тапсырылған мақтаның барлық көлемiне берiлетiн мақта қолхаттарының санын мақтаның иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.
      Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы қалыптасқаннан кейiн өтiнiш берген сәттен бастап үш күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бередi.
      2. Мақта қолхаттары мақтаның иесiне мақта қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны мақтаны қайта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.
      3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшiн бос орын болмағанда;
      2) мақта қолхаты табиғи тозғанда;
      3) мақта қолхатын айырбастағанда;
      4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда берiледi.

      22-бап. Мақта қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру
       1. Мақта   қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын - индоссамент жүргiзу арқылы берiледi.
      2. Бөлiнбеген мақта қолхаты бойынша құқықтар беру тек қойма куәлiгiнде ғана индоссамент жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.
      3. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу мақта кепiлге қойылғанда осы Заңның 20-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

      23-бап. Мақта қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың құқықтары
      1. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаға, мақта қолхатында көрсетiлген көлемде иелiк етуге құқығы бар.
      2. Кепiл туралы ақпарат бар қойма куәлiгiн ұстаушы мақта қолхатында көрсетiлген мақтаға иелiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша қарызын өтегенге дейiн мақтаны берудi талап етуге құқығы жоқ.
      3. Кепiл куәлiгiн ұстаушы:
      1) қойма куәлiгiн кепiл куәлiгiнен бөлген қойма куәлiгiн ұстаушыдан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын талап етуге;
      2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге;
      3) кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiл затына талап қоюға құқылы.

       24-бап. Мақтаны босату
      1. Мақтаны босату мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
      Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны босату оны сатып алушының талабы бойынша сату нәтижелерi туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөлiктер бойынша босатуды талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орынына мақтаның қалған көлемiне жаңа мақта қолхаты берiледi.
      3. Мақтаны талап ету үшiн мақта қолхатын ұстаушы өзi келуi немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуi тиiс.
      4. Кепiл туралы мәлiметтер бар қойма куәлiгiн ұстаушының талабы бойынша мақтаны босату мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

       25-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртiбi
      1. Кепiлмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда ғана кепiл куәлiгiнде көрсетiлген мақтаны кепiл куәлiгiн ұстаушы өндiрiп алуға құқылы.
      2. Кепiл куәлiгiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер мерзiмiнен бұрын орындалған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлдiң жойылғаны туралы белгi қойып кепiл куәлiгiн белгiлi қойма куәлiгiн ұстаушыға немесе мақтаны қайта өңдеу ұйымына өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
      3. Егер өтеп алу сәтiне қойма куәлiгiн ұстаушы мақтаны талап етсе, мақтаны қайта өңдеу ұйымы кепiл куәлiгiн ұстаушыға кепiл куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз етудi растайтын құжатты ұсынады.
      Кепiл куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз етудi растайтын құжат бойынша талаптарды қанағаттандырғаннан кейiн кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн кепiлдiң жойылғаны туралы белгi қойып өтеу үшiн қайтарып бередi.

      26-бап. Кепiлге қойылған мақтаны сату
      1. Кепiл куәлiгiнде куәландырылған мiндеттемелер орындалмаған жағдайда кепiлге қойылған мақтаны сатуды кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiмдi тұлғасы жүзеге асырады.
      Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемелердiң орындалмағаны туралы кепiл берушiге жазбаша түрде хабарлайды, сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орыны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлдiкке салынған мақтаның бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
      Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.
      2. Мақтаны сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
      1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
      2) екiншi кезекте мақтаны қайта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметi үшiн сыйақы төленедi;
      3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте қойма куәлiгiн ұстаушыға қойма куәлiгiнiң түпнұсқасының орынына мақтаны сатқаннан қалған сома қайтарылып бередi.
      3. Әр кезектiң талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толығымен қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.

       27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөлiктерiн жоғалту
      1. Мақта қолхатын немесе оның бөлiктерiн (қойма немесе кепiл куәлiгiн) жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын немесе тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға жедел түрде ол туралы мақтаны қайта өңдеу ұйымына жазбаша түрде хабарлауы тиiс.
      2. Жоғалған мақта қолхаты немесе оның бөлiктерi: қойма немесе кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды қайта қалпына келтiрудi сот жүргiзедi.

6-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының
қызметiн мемлекеттік бақылау

      28-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметiн инспекциялау (тексеру)
      1. Мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде мақта рыногын реттеу және мақта иелерiнiң мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны қайта өңдеу ұйымдары қызметiн заңнама талаптарын сақтауына инспекциялауды (тексеру) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган өзi және (немесе) сәйкес мемлекеттiк органдарды тарту арқылы жүргiзедi.
      2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға инспекциялау (тексеру) жөнiндегi тапсырмада көрсетiлген мәселелер бойынша тексеруге көмек көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау орындарының аумағындағы барлық өндiрiстiк объектiлерге, сондай-ақ тексерудi жүргiзуге қажеттi барлық ақпарат көздерiне қол жетерлiктi қамтамасыз етуге мiндеттi.
      3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметiн инспекциялауды (тексерудi) жүзеге асыратын тұлғалар мақтаны қайта өңдеу ұйымын инспекциялау (тексеру) барысында алынған коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауапкершiлiк көтередi.

       29-бап. Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк инспекторы және оның өкiлеттiктерi
      1. Өзiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiнде мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк инспекторы:
      1) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтiнiштерi (шағымдары) (беймәлiмнен басқа) негiзiнде мақта иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында, мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау - зауытына (мақта қабылдау орынына) мақтаны қабылдау және босату кезiндегi мақтаның сапа көрсеткiштерiн айқындаудың дұрыстығы, сондай-ақ сақтаудағы және қайта өңдеудегi мақтаның сандық және сапалық жағдайын анықтау нысанына мақта сапасына бақылауды жүзеге асыруға;
      2) өндiрiс, шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу, шиттi мақтаны сақтау объектiлерiне еш кедергiсiз (қызмет куәлiгiн көрсеткен жағдайда) кiруге, сондай-ақ мемлекеттiк бақылауды және мақта рыногы мониторингiн жүзеге асыруға қажеттi ақпаратты алуға;
      3) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияның күшiн тоқтата тұру және (немесе) кейiн қайтару туралы жергiлiктi атқарушы органға ұсыныстар енгiзуге құқылы.
      2. Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның басшысы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк қызметкерлердiң тиiстi лауазымына "Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк инспекторы" қосымша арнайы бiлiктiлiгiн беруге құқылы.

      30-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметiнде тәртiп бұзушылықтар анықталған жағдайда мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган мақтаны қайта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
      1) Қазақстан Республикасының мақта туралы заңнамасын бұзғаны туралы жазбаша өкiмдер беру;
      2) осы Заңның 32-бабымен көзделген негiздер бойынша шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияны керi қайтарып алу туралы сот органдарына талап өтiнiш берудi бастамалау;
      3) осы Заңның 33-бабымен көзделген негiздер бойынша мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқару енгiзу.

      31-бап. Шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияның күшiн тоқтата  тұру негiздерi
      1. Шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияның күшiн толығымен немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:
      1) лицензиат бiлiктiлiк талаптарын бұзғаны үшiн;
      2) мақта қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны үшiн;
      3) құжатпен расталған жағдайда мақта қолхаттарын ұстаушылардың арыздары бойынша мақтаның саны мен сапасы көрсеткiштерiн жүйелi түрде (күнтiзбелiк алты ай қатар iшiнде екi және одан көп рет) бұрмалағаны туралы фактiлер табылғаны үшiн;
      4) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына шек қойылған қызметтi жүзеге асырғаны үшiн;
      5) осы Заңда көзделген жыл сайын аудит жүргiзу туралы, мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету туралы талаптарды орындамағаны үшiн;
      6) мақта саласының дамуы туралы заңнаманы бұзғаны туралы уәкiлеттi органның жазбаша өкiмiнiң талаптарын орындамағаны үшiн;
      7) лицензия алған кезде лицензиат әдейi жалған ақпарат бергенi үшiн жүргiзiледi.
      2. Лицензиат лицензияның күшiн тоқтата тұру туралы шешiмге сот тәртiбiмен шағым беруге құқылы. Сот лицензияның күшiн тоқтата тұру заңды деп шешкен жағдайда оны тоқтата тұру мерзiмi лицензиар сондай шешiм қабылдаған күннен бастап саналады.
      3. Лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерi жойылғаннан кейiн лицензия қайтадан күшiне енедi.

      32-бап. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияны керi қайтарып алу негiздерi
      Шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензия сот тәртiбiмен:
      1) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарды лицензият орындамаған жағдайларда;
      2) лицензиатқа сол қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметпен айналысуына сот тыйым салған жағдайларда;
      3) лицензияның күшiн тоқтата тұру себептерiн лицензиат жоймаған жағдайларда;
      4) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алу кезiнде лицензият жалған ақпарат берген жағдайларда;
      5) егер мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару оның мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындау қабілетiнiң қайта қалпына келуiне әкелiп соқтырмаған жағдайларда керi қайтарып алынады.

7-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару

      33-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындау қабілетiн қайта қалпына келтiруге бағытталған әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да iс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн мәжбүрлеп жүргiзудi бiлдiредi.
      2. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдау үшiн мына негiздердiң ең болмағанда бiреуi болса жеткiлiктi:
      1) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi мiндеттемелердiң жүйелi түрде (күнтiзбелiк алты ай қатар iшiнде екi және одан көп рет) дұрыс орындалмауы;
      2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етiлген мақта көлемiнiң сақтаудағы мақтаның нақты көлемiнен артық болуы;
      3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау процедурасы енгiзiлген жағдайларда уақытша басқару енгiзiлмейдi.
      4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару уақыты 6 айдан аспайды.
      5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөнiндегi комиссия мен уақытша әкiмшiлiк жүзеге асырады.
      6. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Уақытша басқару кезiнде заңсыз әрекеттерiмен мақтаны қайта өңдеу ұйымына келтiрiлген шығын үшiн уақытша басқару жөнiндегi комиссияның мүшелерi, уақытша әкiмшiлiк мүшелерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады.

       34-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу
      Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмдi мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органның ұсынысы бойынша қабылдайды және оның ұсынысында:
      1) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздiң бар екендiгi туралы қорытынды;
      2) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзу үшiн кандидатуралар болуы тиiс.
      2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның бұйрығымен ресiмделедi және онда:
      1) уақытша басқару режимi енгiзiлетiн мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы және тұрған жерi;
      2) уақытша басқаруды енгiзу үшiн негiздеме;
      3) уақытша басқару әрекетiнiң басталуы және мерзiмi;
      4) мақтаны босатуды тоқтата тұруды қоса алғандағы мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметiн шектеу тiзбесi;
      5) уақытша басқару жөнiндегi комиссияның дербес құрамы;
      6) уақытша басқару режимi енгiзiлетiн мақтаны қайта өңдеу ұйымының басшыларына өз жұмысы туралы есеп дайындау мен сол құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке беру туралы және осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын белгiлi ұстаушыларға уақытша басқару енгiзiлетiнi туралы мiндеттi түрде хабар беру туралы жазбаша өкiм болуы тиiс.
      3. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмге мүдделi тұлғалар сот тәртiбiмен шағым беруi мүмкiн. Бұл шешiмге шағым беру оның әрекетiн тоқтатпайды.
      4. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмдi мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаражаты есебiнен мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарында үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмдi жариялаумен қатар мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уақытша әкiмшiлiк құрамына өкiлдер сайлау мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылар жиналысына қатысу құқығы туралы хабарлама жариялайды.

       35-бап. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия
      1. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшесiнiң және жергiлiктi атқарушы органның өкiлдерiнен тұрады. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң жалпы саны тақ санды құрауы және үшеуден кем болмауы тиiс.
      2. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құзыретiне:
      1) уақытша әкiмшiлiктiң құрамын бекiту;
      2) уақытша әкiмшiлiктiң қызметi нәтижелерi туралы есебiн бекiту;
      3) уақытша әкiмшiлiктiң қызметiн бақылау;
      4) уақытша әкiмшіліктің мiндеттерiн оның құрамын бекiткенге дейiн осы Заңның 36-бабына сәйкес жүзеге асыру жатады.
      3. Уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiм қабылдаған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей уақытша комиссия мақтаны қайта өңдеу ұйымына қызмет көрсететiн банктiң мекен-жайына осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатылғаны туралы жазбаша ескертпе жiбередi.
      4. Уақытша басқару жөнiндегi комиссияның шешiмi көпшiлiк дауыспен қабылданады және уақытша әкiмшiлiкке орындау үшiн мiндеттi болып табылады.
      5. Уақытша басқару жөнiндегi комиссия:
      1) уақытша әкiмшiлiкке мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезiндегi қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкiмшiлiктен өзiнiң қызметi және мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметi туралы ақпарат беруiн талап етуге;
      3) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын тоқтату немесе мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзiмiн ұзарту туралы ұсыныстар енгiзуге құқылы.

       36-бап. Уақытша әкiмшiлiк
      1. Уақытша әкiмшiлiк осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның, мақтаны қайта өңдеу ұйымының, мақтаны қайта өңдеу ұйымы қатысушы болып табылатын мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорының өкiлдерiнен құралады.
      2. Мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгiзу туралы шешiмi жарияланған сәттен бастап үш күн iшiнде уақытша басқару жөнiндегi комиссия уақытша әкiмшiлiктiң құрамына өкiлдер сайлау үшiн мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкiмшiлiктiң құрамына сайлануына осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшерi бар мақта қолхатын ұстаушылардың басым құқығы бар.
      3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақтаны қайта өңдеу ұйымынан уақытша әкiмшiлiк құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда уақытша басқару жөнiндегi комиссия өз еркiмен уақытша әкiмшiлiк құрамын құруға құқылы.
      4. Шешiм қабылдау кезiнде уақытша әкiмшiлiк мүшелерiнiң дауыстары былайша бөлiнедi:
      1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес пайыз;
      2) мақтаны қайта өңдеу ұйымы - жиырма бес пайыз;
      3) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган - жиырма бес пайыз;
      4) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - жиырма бес пайыз.
      5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқарудың күшi кезеңiнде:
      1) мақтаны қайта өңдеу ұйымын басқару жөнiндегi барлық өкiлеттiктер уақытша әкiмшiлiкке өтедi;
      2) осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының құрылтайшыларының (акционерлерiнiң, қатысушыларының) оны басқару жөнiндегi құқықтары, сондай-ақ осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының басқару органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады;
      3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының атынан және есебiнен жасалған барлық мәмiлелер уақытша әкiмшiлiктiң жазбаша рұқсатынсыз жарамсыз деп танылады.
      6. Уақытша әкiмшiлiк бiрiншi кезектегi тәртiппен:
      1) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаржылық жағдайына мына бағыттар бойынша талдаулар жүргiзуге: капиталының барабарлығы, активтердi талдау, шығыстар мен кiрiстердi талдау;
      2) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiгiн және оның мiндеттемелерiн түгендеудi, сондай-ақ осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаны түгендеудi жүргiзуге;
      3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы қарызын қоса алғандағы кредиторлық қарыздың құрылымын анықтауға;
      4) сотқа талаптарды әзiрлеу мен көрсетудi қоса алғанда, кешiктiрiлген дебиторлық қарызды өтеу жөнiнде шаралар қолдануға;
      5) мақтаны қайта өңдеу ұйымының оңтайлы басқару құрылымын және штаттық санын айқындауға;
      6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкiлеттi тұлғалардың тектерi, аттары, әкелерiнiң аттары бар карточканы, олардың қолдарының үлгiлерiн мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға беруге;
      7) банкте банкiлiк операцияларды жүзеге асыру үшiн құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қолдарының үлгiлерi бар жаңа карточканы қызмет көрсетушi банкке беруге (бұл ретте уақытша әкiмшiлiк тағайындалғанға дейiн берiлген карточка жойылуға жатады);
      8) уақытша басқару жөнiндегi комиссияға мақтаны қайта өңдеу ұйымының нақты жағдайы туралы ақпарат беруге және осы мақтаны қайта өңдеу ұйымның шаруашылық қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге міндетті.
      7. Уақытша әкiмшiлiк:
      1) тиiстi актiлердi қабылдаумен қоса алғанда, мақтаны қайта өңдеу ұйымы қызметінің барлық мәселелерi бойынша осы Заңмен айқындалған құзырет шегінде өз бетiмен шешiм қабылдауға;
      3) уақытша басқару кезеңiнде мақта қолхаттарынан туындайтын барлық талаптарды оларда көрсетiлген мақта көлемiнiң елу пайызына дейiнгi мөлшерде тоқтата тұруға;
      3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қабылданған мақта көлемi бойынша мiндеттемелерiн қайта қалпына келтiруге бағытталған шарттар жасауға және құжаттарға қол қоюға;
      4) мақтаны қайта өңдеу ұйымының атынан және мүддесiнде, оның iшiнде сотта да өкiлдiктi жүзеге асыруға;
      5) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорына мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу туралы талаптар қоюға;
      6) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметiн бағалау үшiн тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      8. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабілетiн қайта қалпына келтiру және пайда табу мақсатында уақытша әкiмшiлiк осы Заңның 15-бабының талаптарын ескере отырып мақтаны қайта өңдеу ұйымының негiзгi құралдарға жатпайтын мүлiгiн сату немесе үшiншi тұлғаларға өтеусiз қолдануға беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      Уақытша әкiмшiлiктiң мүлiктi иелiктен айыру туралы шешiмi уақытша басқару жөнiндегi комиссияның жазбаша келiсiмi бойынша қабылданады.
      9. Уақытша әкiмшiлiктiң шешiмi бойынша мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiгiн сату саудалар (тендер, аукцион) жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      Тендер жүргiзу жағдайында мынадай талаптар ескерiлу қажет:
      1) уақытша әкiмшiлiк мiндеттi түрде республикалық мерзiмдi баспасөз басылымдарында сатылатын мүлiктiң тiзбесiн, уақытша әкiмшiлiктiң жауапты мүшесiнiң тегiн, атын, әкесiнiң атын, тұрған жерiн, солар бойынша ұсыныстар берiле алатын телефондар мен факс нөмiрлерiн, сондай-ақ ұсыныстар қабылданатын мерзiмдi көрсете отырып мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiгiн сату туралы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде хабарландыру жариялайды;
      2) мүлiктi сатып алу туралы ұсыныстарды ықтимал сатып алушылар мүлiктiң атауын және ұсынылған сатып алу бағасын көрсете отырып жазбаша түрде ресiмдейдi;
      3) екеуден кем емес ықтимал сатып алушыдан ұсыныстар түскен жағдайда мүлiк неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлғаға сатылады.

       37-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару:
      1) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген уақытша басқару мерзiмi аяқталғаннан кейiн;
      2) мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган уақытша басқаруды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдаған жағдайда;
      3) заңды күшiне енген соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
      2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгiзу себептерiнiң жойылуына байланысты тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын), осы мақтаны қайта өңдеу ұйымына қатысты мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк белгiлеген барлық шектеулердi алып тастауға алып келедi.
      3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындау қабiлетiн қайта қалпына келтiруге әкелмеген жағдайда, мақта саласы аясындағы уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензияны керi қайтарып алуға және мақтаны қайта өңдеу ұйымын таратуға бастама жасай алады.

8-тарау. Мәжбүрлi тәртiппен таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы несиешiлерiнiң талаптарын жою және қанағаттандыру тәртiбi

       38-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату негiздерi
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы:
      1) оның құрылтайшыларының (акционерлерiнiң, қатысушыларының) шешiмi бойынша - кредиторлық қарызы болмаған жағдайда өз еркiмен таратылуы мүмкiн. Бұл ретте мақта саласы аясындағы уәкiлеттi органға ескертпе жiберiледi;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен көзделген жағдайларда сот шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн (мәжбүрлеп тарату).
      2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметiн тоқтату банкроттық туралы  заңнаманың  және осы Заңның талаптарын ескере отырып Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

       39-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату негiздерi
      1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп таратуды сот:
      1) банкроттық;
      2) шиттi мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына берiлетiн лицензиясыз қызметтi жүзеге асырғанда, не заңнамалық актiлермен тыйым салынған қызметтi жүзеге асырғанда, немесе қызметтi бiрнеше рет заңнаманы қатаң бұзу арқылы жүзеге асырғанда;
      3) заңнамалық актiлерде көзделген басқа да жағдайларда жүргiзедi.

      40-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру ерекшелiктерi
      Конкурстық массаға мақтаны қайта өңдеу ұйымына сақтауға және (немесе) бастапқы қайта өңдеуге тапсырылған мақта жатқызылмайды.

       41-бап. Мәжбүрлi тәртiппен таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы кредит алушыларының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi
      1. Мәжбүрлi тәртiппен таратылатын, сонымен бiрге белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған мақтаны қайта өңдеу ұйымы кредит алушыларының талаптары мынадай тәртiппен қанағаттандырылады:
      1) бiрiншi кезекте өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы жауапкершiлiк көтеретiн азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
      2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн тұлғалармен еңбегiн өтеу жөнiнде есептер жүргiзiледi;
      3) үшiншi кезекте: кепiлдiк туралы мәлiметтер бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қорының жүргiзiлген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары қанағаттандырылады;
      4) төртiншi кезекте кепiлдiк туралы мәлiметтерi жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
      5) бесiншi кезекте таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлiк кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелерi бойынша несиешiлердiң талаптары қанағаттандырылады;
      6) алтыншы кезекте бюджет алдындағы мiндеттi төлемдер бойынша қарыздар өтеледi;
      7) жетiншi кезекте заңнамалық актiлерге сәйкес басқа да несиешiлермен есептер жүргiзiледi.
      2. Тарату өндiрiсiмен байланысты, оның iшiнде мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз етумен байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының негiзгi қызметтерiн қамтамасыз ету қажеттiлiгiнен туындайтын шығындар кезексiз және тұрақты түрде жүргiзiледi.
      Мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату кезеңiнде туындайтын салықтық мiндеттемелер, олардың пайда болуы бойынша Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларымен белгiленген мерзiмдерде және тәртiпте орындалады.

9-тарау. Қорытынды ережелер

      42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
      Осы Заң қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.    

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады