"Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) және (Ерекше бөлiм) мақта саласын дамыту мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 мамырдағы N 389 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) және (Ерекше бөлiм) мақта саласын дамыту мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) және (Ерекше бөлiм) мақта саласын дамыту мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:      

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне  (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 2, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат; 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Заңы):
      51-баптың 1-тармағының бiрiншi абзацындағы "несие берушiлерiнiң талаптары" деген сөздерден кейiн ", егер заңнамалық актiлерде өзгеше белгiленбесе" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегi Азаматтық  кодексiне  (Ерекше бөлiм) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 16-17, 642-құжат; N 23, 929-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 23, 309-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 7-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 14, 103-құжат; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 3-4, 16-құжат; N 5, 25-құжат; N 6, 42-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 жылғы 30 желтоқсанда "Казахстанская правда" газетiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне лицензиялау және шоғырландырылған қадағалау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы  Заңы ):
      1) 797-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, тауар қоймалары тауарларды иесiздендiрiп сақтауға қабылдағанын растайтын қос немесе жай қойма куәлiктерiн беруге мiндеттi.";
      2) 799-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Заңнамалық актiлерде қос қойма куәлiгiнiң нысаны мен мазмұнына өзге де талаптар белгiленуi мүмкiн.".

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады