Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 401 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қаржы орталығы" акционерлiк қоғамы 2006 жылға сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк бiлiм және мемлекеттiк студенттiк кредиттер бойынша сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) қызметтерiн көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулыға 1-тармақта көрсетiлген заңды тұлғамен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң (агенттiң) қызметтерiн мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады