Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейтудiң кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 408 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.09.28 № 1102 Қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ақтау халықаралық теңiз сауда портын солтүстiк бағытта кеңейту жобасын тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
      1) "Қазақтеңiзкөлiкфлоты" ұлттық теңiз кеме қатынасы компаниясы" акционерлiк қоғамында (бұдан әрi - "ҚТКФ" АҚ) мүлiктiк жалдаудағы N 4, 5 және 9 мұнай құю айлақтарын осы учаскеде орналасқан жабдықтармен, коммуникациялармен, құрылғылармен және инфрақұрылымның ажырамас объектiлерiмен бiрге "ҚТКФ" АҚ-ның N 4 және 5 айлақтарды қайта жаңарту жөнiндегi шығындарын өтеусiз "Ақтау халықаралық теңiз сауда порты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына қайтаруды қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      2. "Сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 27 қыркүйектегi N 1263 қаулысының 1-тармағының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады