Локомотив жабдығын жеткiзудiң және Локомотив құрастыру жөнiндегi зауытты салудың кейбiр мәселелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 мамырдағы N 409 Қаулысы

      Тартымды жылжымалы құрамды одан әрi жаңғырту, локомотив паркiн бiрiздендiру, локомотив шаруашылығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес "General Electric" компаниясы сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар локомотивтердi жаңғырту үшiн 150 жиынтық мөлшерiнде локомотив жабдығын (бұдан әрi - локомотив жабдығы) жеткiзушi болып белгiленсiн.

      2. "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамына "Локомотив" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарды:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген компаниямен локомотив жабдығын мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      2) ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын сақтауды;
      3) локомотив жабдығын жеткiзуге ақы төлеудi жүзеге асыру үшiн "Қазтемiржолкөлiк" акционерлiк қоғамымен, екiншi деңгейдегі банкпен, Америка Құрама Штаттарының Экспорт-импорт банкiмен кредиттiк шарт жасасуды;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң, "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамының, "General Electric" компаниясының Астана қаласында локомотивтер құрастыру жөнiнде зауыт салу туралы ұсынысымен келiсiлсiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады