Маңызды стратегиялық мәнi бар мемлекеттiк сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 мамырдағы N 413 Қаулысы

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы  1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "CUH2A" (АҚШ) компаниясы Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Бiлiм және ғылым объектiлерiн салу және қайта құру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттан 590000000 (бес жүз тоқсан миллион) теңге сомасына инвестициялық жобаны iске асыру жөнiнде 2006 жылға сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар "Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығын дамыту" инвестициялық жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды берушi және қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн. Төлем Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң төлеу күнгi ресми бағамы бойынша АҚШ долларымен жүргізілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген заңды тұлғамен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
      жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3, 4-тармақтарын орындауды;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады