Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 751 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 мамырдағы N 432 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 шілдедегі N 695 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.07.03 N 695 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 9 шiлдедегi N 751 қаулысына(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 27, 353-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;";
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ақпараттық жүйелердi, техникалық, бағдарламалық-техникалық және бағдарламалық құралдарды (бұйымдарды), ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын лицензиялау, техникалық реттеу, оның iшiнде олардың сәйкестiгiн растау мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу";
      сегiзiншi абзацында "iске асыруға ықпал ету" деген сөздер "iске асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақтың жетiншi абзацындағы "iске асырылуын бақылауды жүзеге асырады" деген сөздер "iске асырылуы барысы туралы мемлекеттiк органдардың басшыларын тыңдайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақта:
      "Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады" деген сөздер "заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестiру үшiн және Комиссия әзiрлейтiн шешiмдер үшiн дербес жауаптылықта болады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "орынбасары орындайды" деген сөздер "төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасарларының бiрi орындайды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Хатшы Комиссияның мүшесi болып табылмайды.";
      9-тармақта:
      екiншi абзац "берiлуге" деген сөзден кейiн "және Комиссия отырысының хаттамасына қоса берiлуге" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацта "отырысқа қатысқан" деген сөздер "мiндеттi түрде оның барлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:

Айткешұлы                 - Қазақстан Республикасының Премьер-
Бейбiтқали                  Министрi Кеңсесiнiң Мемлекеттiк
                            құпияларды қорғау бөлiмi меңгерушiсiнiң
                            орынбасары, хатшы

Әбдiмомынов               - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Азамат Құрманбекұлы         ғылым вице-министрi

Әлжанов                   - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы         Төрағасының орынбасары

Ақшолақов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы               және минералдық ресурстар вице-министрi

Бабақұмаров               - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ержан Жалбақұлы             және ақпарат вице-министрi

Баталов                   - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы              және сауда вице-министрi

Байәдiлов                 - Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхамеджанұлы        Кеңесi Хатшылығының сектор меңгерушiсi

Қасымбек                  - Қазақстан Республикасының Көлiк және
Жеңiс Махмұдұлы             коммуникация вице-министрi

Лукин                     - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Андрей Иванович             қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
                            қарсы күрес агенттiгi (қаржы полициясы)
                            төрағасының орынбасары

Қасымов                   - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы  вице-министрi

Нұғманов                  - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Серiк Пикұлы                министрi

Палымбетов                - Қазақстан Республикасының Экономика
Болат Әбiлқасымұлы          және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Петров                    - Қазақстан Республикасының Төтенше
Валерий Викторович          жағдайлар вице-министрi

Слободянюк                - Қазақстан Республикасының Премьер-
Анатолий Ануфриевич         Министрi Кеңсесiнiң Бақылау және
                            құжаттамалық қамтамасыз ету бөлiмi
                            меңгерушiсiнiң орынбасары

Темiрболатов              - Қазақстан Республикасы Бас
Серiк Ғабдоллаұлы           прокуратурасының Аппарат басшысы

Шолпанқұлов               - Қазақстан Республикасы Қаржы
Берiк Шолпанқұлұлы          министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
                            төрағасының орынбасары

      көрсетiлген құрамнан Өтембаев Ерiк Мылтықбайұлы, Галишев Артур Хисметович, Әбiлғазин Талғат Байтемiрұлы, Асанов Жақып Қажманұлы, Гамарник Геннадий Николаевич, Досжан Ардақ Дүкенбайұлы, Елемесов Асқар Раушанұлы, Исекешев Әсет Өрентайұлы, Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады