Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 20 қыркүйектегi N 927 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы N 448 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. "Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 20 қыркүйектегi N 927  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 35, 482-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламада:
      "8. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмде:
      "4. Ғылыми-техникалық әлеуеттi әртараптандыру" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 4.7-жолдың 3-бағанындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне ақпарат" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады