Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 133 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Отандық мұнай-газ машиналарын жасауды дамыту және мұнай-газ бен мұнай-химия салалары үшiн бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 355 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., N 16, 193-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне сатылатын, сату бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылатын қазақстандық тауарлардың тiзбесi:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35-жолдармен толықтырылсын:
"28. Сыйымдылығы 300 литрден астам, 7309 00 100 0 2821 11
қапталған немесе термооқшаулағышы 7309 00 300 0 2821 12.30
бар немесе оларсыз, бiрақ 7309 00 590 0 2821 11
механикалық немесе жылу техникалық
жабдығы жоқ кез келген (сығылған
немесе сұйылтылған газдан басқа)
заттарға арналған қара металдардан
жасалған резервуарлар, цистерналар,
бактар және осыған ұқсас
сыйымдылықтар
29. Басқа да сыйымдылығы 1000 литр 7311 00 990 0 2821 30
немесе одан астам сығылған немесе
сұйылтылған газға арналған қара
металдардан жасалған сыйымдылықтар
30. Кеме жабдықтарына арналмаған буды 8402 20 000 9 2830 11
қатты ысытқышы бар су қазандары; 8402 90 000 9 2830 13
кеме жабдықтарына арналмаған бу
және буды қатты ысытқышы бар
қазандардың бөлiктерi
31. 8402 немесе 8403 тауар
позициясының қазандарымен бiрге 8404 10 000 0 2830 12
пайдалануға арналған қосалқы 8404 90 000 0 2830 12
жабдық (мысалы, экономайзерлер,
буды қатты ысытқыштар, күйе
кетiргiштер, газ рекуператорлары)
32. Тұрмыстық мақсаттарда 8419 40 000 9 2924 11
пайдаланылатын машиналар мен 8419 50 900 0 2923 11
жабдықтарды қоспағанда, 8419 89 989 0 2924 40
материалдарды қыздыру, пiсiру, 8419 90 800 9 2923 30
қуыру, дистилдеу, ректификациялау,
стерильдеу, пастерлеу, булау,
кептiру, буын шығару, сұйылту
немесе салқындату сияқты температура
өзгертiлетiн процесте өңдеуге
арналған машиналар, электрмен немесе
электрсiз қыздырылатын өнеркәсiптiк
немесе зертханалық жабдық
(85 14 тауар позициясының пештерiн,
камераларын және басқа жабдығын
қоспағанда)
33. Басқа да бұрғылау немесе өткiн 8430 41 000 0 2956 25
машиналары 8430 49 000 0 2956 25
34. Жер асты жұмыстарына арналмаған 8430 50 000 9 2956 25
басқа да машиналар және өздiгiнен
жүретiн тетiктер
35. 8430 41 немесе 8430 49 қосалқы 8431 43 000 0 2956 26
позициясының бұрғылау немесе
өткін машиналарының бөлiктері ".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі