Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 мамырдағы N 458 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттаманың (бұдан әрi - Хаттама) жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Наталья Артемовна Коржоваға Хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, оған Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. "Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттама жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 23 наурыздағы N 259 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі

Жоба     

Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында трансферттiк баға белгiлеудi бақылау жөнiнде ақпарат алмасу туралы хаттама

       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Еуразия экономикалық қоғамдастығына (бұдан әрi - ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң үкiметтерi,
      2002 жылғы 25 қаңтардағы Еуразия экономикалық қоғамдастығына мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасу туралы келiсiмдi назарға ала отырып,
      1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк туралы шарттың және 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразия экономикалық қоғамдастығын құру туралы шарттың ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) әкелу мен әкетудi, Еуразия экономикалық қоғамдастығына (ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердiң мемлекеттiк бюджеттерiне салықтардың, баждардың және өзге де төлемдердiң уақтылы және толық түсуiн бақылауды күшейтудегi өзара мүдделiлiктi негiзге ала отырып,
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағында трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру қажеттiлiгiн мойындай отырып,
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен жасалатын халықаралық мәмiлелерге, сондай-ақ жасалуы кезiнде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумақтары ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары арасында ақпарат алмасудың транзиттiк дәлiзi ретiнде пайдаланылатын мәмiлелерге салықтық және кедендiк бақылауды жетiлдiру қажеттiлiгiн ұғына отырып,
      осы мақсатпен бiр-бiрiне жәрдем етудi қалай отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды бiлдiредi:

      "нарықтық (еркiн) баға" - тауардың (жұмыстардың, қызметтердiң) нарықтық (еркiн) бағасы деп салыстырмалы экономикалық (коммерциялық) жағдайларда ұлттық нарықтағы бiрдей тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң), ал олар болмаған кезде - бiртектi тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) сұраныс пен ұсыныстың өзара iс-қимылы кезiнде қалыптасқан бағасы танылады;

      "бiрдей тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" - бiрдей негiзгi белгiлерi бар тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың бiрдейлiлiгiн анықтау кезiнде, атап айтқанда, олардың физикалық сипаттамалары, сапасы, нарықтағы беделi, шығарылған елi, өндiрушiсi ескерiледi. Бұл ретте тауарлардың сыртқы түрiндегi елеусiз айырмашылықтарды ескермеуге болады;

      "бiртектi тауарлар (жұмыстар, қызметтер)" - бiрдей болмаса да, ұқсас сипаттамалары бар және (немесе) оларға дәл сондай функцияларды атқаруға және бiрiн-бiрi коммерциялық алмастыруға мүмкiндiк беретiн ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер). Тауарлардың бiртектігiн анықтау кезiнде, атап айтқанда, олардың сапасы, тауар белгiсiнiң болуы, нарықтағы беделi, шығарылған елi ескерiледi;

      "трансферттiк баға" - тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) халықаралық мәмiлелер жасасу кезiнде объективтi түрде қалыптасқан нарықтық (еркiн) бағасынан өзгеше баға;

      "құзыреттi органдар" - ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық және кеден органдары;

      "трансферттiк баға белгiлеудi бақылау" - ұлттық заңнамаға сәйкес салық базасын одан әрi түзету мақсатында халықаралық мәмiлелер жасасу кезiнде тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) трансферттiк бағаларды қолдану фактiсiн белгiлеу үшiн құзыреттi органдар жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау.

2-бап

      1. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң кеден органдары өзiнiң құзыретi шегiнде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдарына беру үшiн өз мемлекеттерiнiң салық органдарына:
      мемлекеттiң аумағына әкелiнетiн және оларды одан әкетуге қатысты мiндеттемелерсiз осы аумақта тұрақты қалатын;
      оларды осы аумаққа әкелуге қатысты мiндеттемелерсiз мемлекет аумағынан тысқары жерлерге әкетiлетiн;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағы бойынша транзитпен тасымалданатын;
      қайта өңдеу үшiн мемлекеттiң аумағына әкелiнетiн және осы аумақтан тысқары жерлерге әкетiлетiн тауарлар туралы қажеттi ақпаратты бередi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпарат қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сұрау салу бойынша берiледi.

3-бап

      1. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдары өз құзыретiнiң шегiнде өз мемлекеттерiнiң заңнамасын сақтаған кезде трансферттiк баға белгiлеудi бақылау мақсатында:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағындағы тұтынушыларға тауарларды жеткiзуге байланысты шығыстарға (көлiктiк шығыстар, сақтандыру, экспортқа шығарар алдында кредит беру т.с.с.);
      тиелген тауарларды жеткiзу мерзiмi мен шарттарына;
      тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзуге ақы төлеу мерзiмi мен шарттарына;
      жеткiзiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) сапасына;
      қайта өңдеу өнiмдерiне қатысты баға белгiлеуге;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң нарықтарында қалыптасқан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) нарықтық бағаларға;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң аумағында тауарларды тасымалдауға, сақтауға және қайта өңдеуге арналған тарифтерге;
      трансферттiк баға белгiлеудi бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi басқа да мәлiметтерге қатысты ақпарат алмасады.

      2. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) қатысты ақпараттың құрамын ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң сұрау салушы салық органы айқындайды.

      3. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдары арасында тиiстi салық органының басшысы белгiленген тәртiппен куәландырған ақпарат алмасу жазбаша (қағаз тасығышта) немесе электронды түрде жүзеге асырылады.

      4. ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң салық органдары осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпаратты өз мемлекеттерiнiң кеден органдарына олардың сұрау салуларына сәйкес бередi.

4-бап

      Осы Хаттаманың 2 және 3-баптарында көрсетiлген ақпаратты ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттiң салық органы сұрау салуды алған күнiнен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей бередi.

5-бап

      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң құзыреттi органдары алынған ақпараттың құпиялылығын сақтайды және ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң ұлттық заңнамасына сәйкес оны қорғау режимiн қамтамасыз етедi.
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердiң құзыреттi органдары ақпаратты үшiншi тұлғаларға беруге жол бермейдi.

6-бап

      Осы Хаттамаға Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша жеке хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.

7-бап

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiледi. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда дау ЕурАзЭҚ сотының қарауына берiледi.

8-бап

      Осы Хаттама оған қол қойған Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi жазбаша хабарлама депозитарийге сақтауға тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн осы Хаттама тиiстi жазбаша хабарлама депозитарийге тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2006 жылғы "___" _______ _______ қаласында орыс тiлiнде бiр данада жасалды.
      Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбiр Тарапқа оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiнде сақталады.

      Беларусь Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Yкіметi үшiн                     Үкiметi үшiн

      Қырғыз Республикасының           Ресей Федерациясының
      Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшін

      Тәжiкстан Республикасының
      Yкiметi үшiн

                                   ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің
                                     салық және кеден органдары
                                     арасында трансферттiк баға
                                      белгiлеудi бақылау жөнiнде
                                   ақпарат алмасу туралы хаттамаға
                                              қосымша

              Ақпараты берудің үлгi нысаны

Реттік
нөмірі

Тауар
қозғалысының
бағыты

Кеден
режимінің
коды

Кеден
режимінің
атауы

Жүк кедендік
декларацияның
нөмірі (ЖКД)

1

2

3

4

5

 

Тауардың
СЭҚ ТН
бойынша коды

ЖКД-да көрсетілген  тауардың атауы және сипаттамасы

Келісім-шарт (шарт) нөмірі

Келісім-шарт (шарт)
нөмірі

Келісім-шартқа қосымша (толықтыру)  нөмірі

6

7

8

9

10

 

Келісім-шартқа қосымша (толықтыру) күні

Шот- фактураның (проформа-
шотының) нөмірі

Шот- фактураның (проформа-
шотының) күні

жіберетін елдің коды

жіберетін елдің атауы

11

12

13

14

15

 

жіберуші салық төлеушінің нөмірі

жіберушінің атауы

жіберушінің мекен-жайы

Қаржылық реттеу үшін жауапты салық төлеуші тұлғаның нөмірі

16

17

18

19

 

Қаржылық реттеу үшін жауапты тұлға

Қаржылық реттеу үшін жауапты тұлғаның мекен-жайы

Баратын елдің коды

Баратын елі

Алушы салық төлеушінің нөмірі

20

21

22

23

24

 

Алушының атауы

Алушының мекен-жайы

Жеткізу шарттары

Жіберу кезіндегі көлік түрінің коды

Жіберу кезіндегі көлік түрінің атауы

25

26

27

28

29

 

Қосымша өлшем бірлігінің  коды

Қосымша өлшем бірлігінің  атауы

Тауардың қосымша өлшем бірлігіндегі саны

Таза салмағы (кг)

Тауардың фактуралық құны

30

31

32

33

34

 

Келісім-шарт валютасының атауы

Келісім-шарт валютасының коды

Валюта бағамы

Статистикалық құны (АҚШ долл.)

35

36

37

38

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады