"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 мамырдағы N 464 Қаулысы

       Ескерту. Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен кері қайтарып алынды - ҚР Үкіметінің 2007.10.05.  N 902  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы жүйесiн
Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес
келтiру мәселелерi бойынша толықтырулар мен өзгерiстер енгізу
туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгізiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегі Азаматтық iс жүргізу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155 құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109 құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 140-құжат; N 24 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 13, 53 құжат; N 24, 153-құжат):
      289-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы;";
      мынадай мазмұндағы 33-1-тараумен толықтырылсын:
      "33-1-тарау. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы iстер бойынша iс жүргізу
      308-1-бап. Өтінiш беру
      1. Азаматты мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы өтiнiшті оның отбасының мүшелерi, еңбек ұжымдары, қоғамдық бiрлестіктер, iшкi iстер органдары, прокурор, қамқоршылық және қорғаншылық органдары науқастың тұрғылықты жерi бойынша сотқа бередi.
      2. Тұрақты тұрғын жайы жоқ азаматты емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы өтiнiштi оның өтiнiш берген кезде тұрып жатқан жерi бойынша iшкi iстер органдары бередi.
      3. Мамандандырылған өңдеу-профилактикалық мекемелерге емделуге мәжбүрлеп жiберу үшін заңда көзделген негіздемелер көрсетілуге тиiс өтінiшке тұлғаны алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа шалдыққан деп тану туралы медициналық қорытынды қоса тiркеледi.
      308-2-бап. Өтінiштi қарау
      Азаматты мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемеге емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы өтiнiштi судья iс қозғалған кезден бастап он күн iшiнде азаматтың өзiнiң, науқастың туған-туыстарының, өтiнiш берушiнiң, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың қатысуымен қарайды.
      308-3-бап. Өтiнiш бойынша сот шешiмi
      1. Судья өтiнiштi мәнi бойынша қарай келiп, шешім шығарады, онда өтiнiш қабылдамай тасталады не қанағаттандырылады.
      2. Өтінішті қанағаттандыру туралы шешім азаматты емделуге мәжбүрлеп жiберу және заңда белгіленген мерзiмде оны мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiнде одан әрi ұстау үшiн негіз болып табылады.".
      2. "Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ Советтік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңына (Қазақ ССР-i Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 23, 267-құжат; 1992 ж.,  N 13-14, 313-құжат):
      1) Заңның мемлекеттiк тiлдегi мәтінiнде:
      мәтiн бойынша "право", "товар", "статья", "формада", "магазиндерден", "штраф", "этикетка", "профилiне", "инициативасы", "коллективтiк" деген сөздер тиiстi жалғауларымен "құқық", "тауар" "бап", "нысанда", "дүкендерден", "айыппұл", "заттаңба", "бейiнiне", "бастамасы", "ұжымдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) актiнiң нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      3) 1-бапта:
      тақырыбында "Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңының" деген сөздер "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiкте "Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы" Қазақ ССР Заңы" деген сөздер "Осы Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақта "және республикааралық" деген сөздер алып тасталсын;
      4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "3-бап. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
      1. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.";
      5) 4 және 5-баптар алып тасталсын;
      6) 7-бапта:
      1-тармақта "Қазақ ССР-iнiң барлық азаматтары" деген сөздер "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақта "Қазақ ССР заң актілерiмен, сондай-ақ халық депутаттары жергілiкті Советтерiнің шешімдерімен тиісті бюджеттердi бекiткен кезде жыл сайын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергілікті атқарушы органдар:";
      7) 8-баптың 7-тармағының екiншi және төртiншi бөлiктерi алып тасталсын;
      8) 9-баптың 8, 9-тармақтарында "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9) 10-бапта:
      екiншi бөлiкте "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiкте "Қазақ ССР Министрлер Кабинеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) 11-бапта:
      4-тармақтың екінші бөлiгінде "және әкiмшiлiк тәртiппен жергілікті бюджеттің табысына аударылатын 200 сомнан 1000 сомға дейiн штраф төлеттіре отырып алып қойылады" деген сөздер алып тасталсын;
      8-тармақта "әкiмшiлік жауаптылыққа немесе сот арқылы салынып, жергілiкті бюджеттің табысына аударылатын 200 сом мөлшерiндегі штрафқа әкелiп соғады" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 12-бапта:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Өнiм өндiру және өткiзу кезiнде қауiпсiздік жөніндегі талаптардың сақталуын бақылауды уәкiлетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.";
      4-тармақта "Қазақ ССР-iнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Егер өнiмнiң қауіпті ерекшелiктерiн жою мүмкiн болмаса, анықталған сәттен бастап дайындаушы оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айналымнан өзi немесе уәкiлеттi органдардың ұйғарымдары негiзiнде алып тастауға міндетті.";
      10-тармақ алып тасталсын;
      12) 13-бапта:
      екінші бөлiкте "арнаулы уәкiлдiк берiлген мемлекеттік органдар (Мемлекеттiк стандарттың территориялық органдары) және басқалар" деген сөздер "уәкiлетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiк алып тасталсын;
      13) 15-баптың 1-тармағында "Қазақ ССР заңдарында жауаптылықтың әлдеқайда жоғары мөлшерi көзделмеген болса," деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмеген болса," деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 16-баптың 4-тармағының екінші бөлiгiнде, 15-тармағында "Қазақ ССР" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) 18-бапта "егер Қазақ ССР заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, сот белгiлеген мөлшерде" деген сөздер "азаматтық заңнамада көзделген тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 19-бапта:
      1-тармақта "Министрлер Кабинетi, министрлiктер мен ведомстволар, халық депутаттарының жергiлiкті Советтер" деген сөздер "Мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың бесiншi абзацында "Қазақ ССР-i" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-бап. Соттың тұтынушылар құқығын қорғауы
      Соттың тұтынушылар құқығын қорғауы Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.";
      18) 21-баптың бiрiншi бөлiгiнде "Қазақ ССР, ССРО" деген сөздер "Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-бап. Тұтынушылардың қоғамдық ұйымдарының құқықтары
      Тұтынушылардың қоғамдары мен одақтары қоғам мүшелерiнің жалпы жиналысы немесе тұтынушылардың уәкiлетті қоғамдарының жиналысы қабылдайтын жарғыларға сәйкес жұмыс iстейдi және заңды тұлғалар болып табылады.
      Тұтынушылар қоғамдары мен одақтар өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестіктер болып табылады.
      Тұтынушылар қоғамы тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында:
      тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге, олардың бағалары мен тарифтерiне тәуелсiз сараптама жүргізуге;
      тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға хаттармен, шағымдармен, арыздармен және ұсыныстармен жүгінуге;
      қызмет көрсетудің түрлі салаларында қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      көтеріңкi бағалар бойынша немесе сапа жөнiндегі белгіленген талаптарға сай келмейтiн өнiм шығару мен өткiзуге, сауда және халыққа қызмет көрсету ережелерiн бұзуға кiнәлi ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға;
      уәкiлеттi органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнiмнің сапасын жақсарту жөніндегі шаралар туралы, сапа жөнiндегі белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiм шығару мен өткiзуге тыйым салу туралы, оны өндiрудi тоқтату туралы, азаматтардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қауiптi айналадағы ортаға зиян келтiретiн өнiмдi өткiзу мен сатудан алып тастау туралы, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы бұза отырып белгіленген бағалардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
      заңнамада және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген өздерінің басқа да құқықтарын белгiленген тәртіппен iске асыруға құқылы.".
      3. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1991 ж., N 52, 636-құжат; 1995 ж., N 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., N 10, 101-құжат; 2004 ж., N 19, 115-құжат; N 23, 142-құжат):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасы
      Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      4. "Арал өңірiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 21, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2004 ж., N 24, 150-құжат):
      1) 9-бапта "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен экологиялық қасiрет аймақтарының шекарасын өзгерту
      Экологиялық апат, экологиялық дағдарыс және экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақ шегiнде экологиялық қасiрет аймақтары шекарасын, сондай-ақ экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтардың мәртебесiн өзгерту жөнiндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкiлетті органдары Қазақстан Республикасының Үкiметіне ұсынады.";
      3) 11-бапта, 12-баптың бiрiншi абзацында "Министрлер Кабинетi", "жергiлiктi әкiмдер" деген сөздер тиiсiнше "Yкiметi", "жергілiкті атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 19-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi, жергiлiкті атқарушы органдар:";
      5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Осы Заңның iске асырылуын бақылау
      Осы Заңның орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiкті атқарушы органдар жүзеге асырады.".
      5. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1992 ж., N 23, 560-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; N 20, 252 құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; N 23, 923-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнiң" деген сөздер тиiсiнше "Yкiметi", "Yкiметтің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-баптың төртiншi бөлiгі алып тасталсын;
      3) 17-баптың төртiншi бөлiгінің бiрiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Медициналық мекемелердi ұстауға арналған қаражатты ұлғайтуды қамтамасыз ететiн қаражат бөлу бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".
      6. "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiн Жаршысы, 1993 ж., N 8, 200-құжат; 1995 ж., N 20, 121-құжат; 2002 ж., N 16, 147-құжат):
      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы
      Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.".
      7. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат; 1998 ж., N 24, 432-құжат; 1999 ж., N 8, 247-құжат; 2001 ж., N 2, 14-құжат):
      1) кiрiспеде "Жоғарғы Кеңесi" деген сөздер "Парламентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 28-бап алып тасталсын.
      8. "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат; 1995 ж., N 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 10, 56-құжат; N 23, 142-құжат):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы 
      Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      9. "Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуiрдегі Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 32-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      1) 5-баптың бiрiншi бөлiгі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматты мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемелерiне емделуге мәжбүрлеп жiберу туралы мәселенi сот заң актілерiнде белгiленген тәртіппен шешедi.";
      2) 7-баптың екiншi бөлiгінде:
      "халық (қалалық) соты" деген сөздер "тиiсті аудандық (қалалық) сот" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333 құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 140-құжат; 2005 ж., N 7-8, 24-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат):
      4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-бап. Қазақстан Республикасының банк қызметi туралы заңнамасы
      Қазақстан Республикасының банк қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерiнен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттардан (келiсiмдерден), сондай-ақ өздерiнің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңнамалық актілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерi негізiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлетті органның және Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      11. "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жырығы 23 желтоқсандағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 189-құжат; 1999 ж., N 21, 786-құжат; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 21, 396-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; 2002 ж., N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 11, 56-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жиылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының жекешелендiру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      12. "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2003 ж., N 23, 169-құжат):
      4-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      13. "Қоғамдық бiрлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 234-құжат; 2000 ж., N 31, 63-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат, N 13, 53-құжат):
      3-баптың екiншi бөлiгiнде "аумақтық" деген сөз алып тасталсын.
      14. "Шаруашылық серiктестіктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 205, 210-құжаттар; 1998 ж., N 5-6, 50-құжат; N 17-18, 224-құжат; 2003 ж., N 11, 56 құжат; N 24, 178-құжат):
      1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Шаруашылық серiктестіктерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алып тасталсын;
      3) бүкiл мәтiн бойынша "Жарлықтағыдан", "Жарлықпен" "Жарлықтың", "Жарлыққа", "Жарлықта", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңнан", "Заңмен", "Заңның", "Заңға", "Заңда", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын.
      4) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жиылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серiктестіктерi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.".
      15. "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2340 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнің Жаршысы, 1995 ж. N 9-10):
      1) актінің нысаны мен тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтардың өтінiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы";
      2) кiрiспе алып тасталсын;
      3) бүкiл мәтін бойынша "Жарлықпен" "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасы
      Қазақстан Республикасының азаматтардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiнен тұрады.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады