Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 470е Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға  326-қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың 5-бағанында:
      реттiк нөмiрi 2-жолда:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға конкурс және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсын өткiзу. Iске асыру мерзiмi: 2006 жылғы ақпан-қараша";
      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "9-1) "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту саласындағы жетiстiктерi үшiн" республикалық конкурсын өткiзу. Iске асыру мерзiмi: 2006 жылғы қаңтар-желтоқсан.";
      11-1), 11-3) тармақшалар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
      "13) АЭА-ның техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу.";
      реттiк нөмiрi 5-жолда:
      5-бағандағы "(5 бiрлiк)" деген сөздер "(19 бiрлiк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "14 бiр арнайы автокөлiк (жылжымалы зертхана)." деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "- 3 бiрлiк жеңiл автокөлiк сатып алу.";
      реттiк нөмiрi 6-жолдағы "Веб-сайт құру." деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта:
      Тiкелей нәтижесiнде:
      үшiншi абзацтағы "Қазақстанның жақсы тауарлары" мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыйлығы конкурсын ұйымдастыру және конкурсанттар саны кемiнде 120" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығын алуға және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      оныншы абзацтағы "әрқайсысының 3000 дана таралымы бар журналдың 4 нөмiрiн шығару;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту саласындағы жетiстiктерi үшiн" республикалық конкурсын өткiзу;
      АЭА-ның техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеу";
      он екiншi абзацтағы "республиканың өңiрлерiнде шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелерi жөнiнде кемiнде 4 семинар, тренинг және оқыту курсын өткiзу" деген сөздер алынып тасталсын;
      он төртiншi абзацтағы "елден тысқары жерлерге iссапарлар" деген сөздер алынып тасталсын;
      жиырмасыншы абзацтағы "Веб-сайт құру;" деген сөздер алынып тасталсын;      
      жиырма төртiншi абзацтағы "(кемiнде 5 бiрлiк)" деген сөздер "(кемiнде 19 бiрлiк)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "арнайы автокөлiк (жылжымалы зертхана)" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      "3 бiрлiк жеңiл автокөлiк сатып алу;";
      Түпкiлiктi нәтижеде:
      жетiншi абзац "экспортқа жылжыту мәселелерi бойынша отандық тауар өндiрушiлердiң хабардар болуын арттыру" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "АЭА-ны құру орындылығының техника-экономикалық негiздемесiнiң болуы;";
      Қаржы-экономикалық нәтижелерiнде:
      екiншi абзацтағы "Қазақстанның жақсы тауарлары" конкурсына" деген сөздер "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он бесiншi абзац "шағын кәсiпкерліктiң ЖIӨ құрылымындағы үлесiн ұлғайту кемiнде 35%;" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту саласындағы жетiстiгі үшiн" республикалық конкурсын өткiзуге арналған шығындар 5000,0 мың теңге;
      АЭА-ның техника-экономикалық негiздемесiн әзiрлеуге арналған шығындар 30 млн. теңгенi құрайды.";
      он жетiншi абзацтағы "республика өңiрлерiнде шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, экспортты жылжыту мәселелерi бойынша 1 семинар, тренинг және оқыту курсын өткiзуге жұмсалатын орташа шығын 3434 мың теңгенi құрайды" деген сөздер алынып тасталсын;
      Уақтылығында:
      үшiншi абзацтағы ", республиканың өңiрлерiнде шетелдiк сарапшыларды тарта отырып, экспорттық жылжыту мәселелерi бойынша семинарлар, тренингтер және оқыту курстарын өткiзудiң бекiтiлген жоспар-кестесiне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
      көрсетiлген қаулыға 337-қосымшада:
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақтың реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Алдын ала тексеру бойынша ескертулердi жойғаннан кейiн зертханаларды қайта тексерудi жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесiнде аккредиттелген зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкес келуiне алдын ала тексеру және бағалау үшiн ILAC сарапшыларын тарту";

      7-тармақта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "үш зертхананы халықаралық деңгейде аккредиттеу";
      2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қазақстандық сәйкестiк сертификаттарын халықаралық деңгейде тану үшiн негiз жасау";
      3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "1 зертхананы аккредиттеуге арналған орташа шығын 4 333,0 мың теңге";
      5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өнiм қауiпсiздiгiн сынау және бағалау нәтижелерiнiң шынайылығы мен дәлдiгiн арттыру".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады