"Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын одан әрi iске асыру жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 30 наурыздағы N 80 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) "Kazsat-2" екiншi байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигiн (бұдан әрi - спутник) жасау мен ұшыруды;
2) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгiленген конкурс жеңiмпазымен спутниктi жасау мен ұшыру жөнiндегi қызметтердi ұзақ мерзiмдi көрсетуге арналған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты осы қызметтердiң толық құнына:
шарттың қызметтердiң толық құнын қамтитын;
ағымдағы қаржы жылында осы қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген соманы көрсете отырып жасасуды;
3) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес анықталған конкурс жеңiмпазымен:
шарттың жұмыстардың толық құнын қамтитын;
ағымдағы қаржы жылында осы жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген соманы көрсете отырып, қазақстандық орбиталық позицияларды халықаралық үйлестiру жөнiндегi ұзақ мерзiмдi жұмыстардың толық құнына осы жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі