"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 518 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТIНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
2006 жылғы 16 наурыздағы
N 65 Жарлығына өзгерiс енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберiнде ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 16 наурыздағы N 65  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 8, 64-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      1-тармақтың 2) тармақшасының үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "акцияларының мемлекеттiк пакеттерi (қатысу үлестерi) "Қазына" АҚ-ның жарғылық капиталына ақы төлеуге берiлетiн мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың тiзбесiн бекiтудi қамтамасыз етсiн";".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады