"Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту" жобасының объектiлерiн пайдалануға қабылдау жөнiндегi мемлекеттiк қабылдау комиссиясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы N 547 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi  Заңына  сәйкес және Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту объектiлерiн салудың аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мынадай құрамда Мемлекеттiк қабылдау комиссиясы (бұдан әрi - комиссия) құрылсын:

Қиынов                  - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Ләззат Кетебайұлы         минералдық ресурстар вице-министрi, төраға

Құлекеев                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Жақсыбек Әбдiрахметұлы    акционерлiк қоғамының бiрiншi
                          вице-президентi, төрағаның орынбасары

Масаюки Сайто           - "JGC" корпорациясының Атырау мұнай өңдеу
                          зауытын қайта жаңарту жобасы жөнiндегi
                          менеджерi, төрағаның орынбасары

Нұрғалиев               - Қазақстан Республикасы Индустрия және
Мирхат Әзiтайұлы          сауда министрлiгiнiң Құрылыс және тұрғын
                          үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi
                          сәулет-құрылыс бақылау және инспекциялау
                          басқармасының бастығы

Мерәлиев                - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Садуақас Аташұлы          акционерлiк қоғамының мұнай өңдеу және
                          мұнай-химия жөнiндегi басқарушы директоры

Маханов                 - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Бақыт Әбдiлдаұлы          минералдық ресурстар министрлiгi Мұнай
                          өнеркәсiбi департаментiнiң бөлiм бастығы

Шанкиева                - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны
Құралай Қабдабайқызы      қорғау министрлiгiнiң Атырау аумақтық
                          қоршаған ортаны қорғау басқармасы
                          бастығының орынбасары

Жұмағалиев              - Атырау облысының Мемлекеттiк
Амантай Төлегенұлы        санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
                          департаментi директорының орынбасары

Дүйсекенов              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
Нұрслям Рахымұлы          министрлiгi Төтенше жағдайлар саласындағы
                          мемлекеттiк бақылау және қадағалау
                          комитетiнiң басқарма бастығы

Аманбаев                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Саламат Ермұханұлы        Салық комитетiнiң N 1 Өңiраралық салық
                          комитетi төрағасының орынбасары

Байтазиев               - "Атырау мұнай өңдеу зауыты" жауапкершiлiгi
Талғат Алтыбайұлы         шектеулi серiктестiгiнiң бас директоры

Юкио Ниихо              - "Марубени" корпорациясының бас менеджерi

      2. Комиссияның жұмысы тапсырыс берушi объектiлердiң комиссияға ұсынуға дайындығы туралы ресми хабарлағаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей басталсын.

      3. Комиссия "Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңарту" жобасының объектiлерiн пайдалануға қабылдау актісін Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне бекiтуге ұсынсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады