Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Солтүстiксуқұрылыс" Қазақстанның солтүстiк және орталық облыстарында су шаруашылығы объектiлерiнiң құрылысы жөнiндегi өңiрлiк дирекция" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - кәсiпорын) оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң "Павлодарсушар" су шаруашылығы жөнiндегi шаруашылық жүргiзу құқығындағы Павлодар республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi N 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 14, 168-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi Су ресурстары комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 22-жол алынып тасталсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі