Орман қоры жерiнiң жекелеген учаскелерiн басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 маусымдағы N 565 Қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң  130-бабына  және 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң  51-бабына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаментi Жаңақорған ормандар мен жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемесiнiң орман қоры жерiнен алаңы 2937 гектар жер учаскесi өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жер санатына ауыстырылсын.

      2. Қызылорда облысының әкiмi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жер учаскелерiнiң уран барлау және өндiру үшiн "Қызылқұм" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрi - серiктестiк) берiлуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Серiктестiк орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшiн оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын республикалық бюджеттiң кiрiсiне өтесiн.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады