Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 маусымдағы N 576 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзiлсiн:
 

      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен;
 

      2) "Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 4 ақпандағы N 135  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 576-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының биологиялық қауiпсiздiгi үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың аса қауiптi инфекциялары қоздырғыштарының мониторингiн және генетикалық картасын жасауды ғылыми-техникалық қамтамасыз ету" 2004-2006 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламасында:
 

      "1. Бағдарламаның паспорты" деген бөлiмнiң "Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген кiшi бөлiмiнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржылық шығындар барлығы 209,884 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша:
      2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге";
      "6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi" деген бөлiмнiң екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаны iске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары барлығы 209,884 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде жылдар бойынша:
      2004 жылы - 60,0 млн. теңге; 2005 жылы - 70,028 млн. теңге; 2006 жылы - 79,856 млн. теңге";
 

      "8. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген бөлiмнiң "Болжамды шығыстар (млн. теңге)" деген 6-бағанындағы реттiк нөмiрлерi 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "Барлығы 31,869, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 25,0; 2005 - 6,869";
      "Барлығы 16,984, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 6,219; 2006 - 10,765";
      "Барлығы 16,821, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 7,14; 2006 - 9,681";
      "Барлығы 16,721, оның iшiнде жылдар бойынша: 2005 - 7,54; 2006 - 9,181"; 
      "Барлығы 43,621, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 13,0; 2005 - 14,54; 2006 - 16,081";
      "Барлығы 24,621, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 7,0; 2005 - 8,04; 2006 - 9,581";
      "Барлығы 7,021, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,24; 2006 - 3,081";
      "Барлығы 7,221, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081";
      "Барлығы 7,221, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 1,7; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081";
      "Барлығы 7,421, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 1,9; 2005 - 2,44; 2006 - 3,081";
      "Барлығы 10,021, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081";
      "Барлығы 10,021 оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 2,6; 2005 - 3,34; 2006 - 4,081";
      "Барлығы 10,321, оның iшiнде жылдар бойынша: 2004 - 2,8; 2005 - 3,44; 2006 - 4,081".
 

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады