Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.10.2024 № 867 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарларына арналған валюта қаражатын жұмсауды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмаларды орындау кезiнде қатысу және/немесе iс жүргiзу және өзге де әрекеттерге қатысу үшiн жедел-iздестiру, қылмыстық iс жүргiзу қызметiн жүзеге асыратын органдар қызметкерлерiнiң (бұдан әрi - қызметкерлер) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге қызметтiк iссапарлары республикалық және жергiлiктi бюджеттерден тиiстi ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне бөлiнген қаражат есебiнен жүргiзiледi;
2) қызметкерлерге көлiктiк шығыстар:
темiр жолмен жүргенде - купе вагон құнының мөлшерiнде ("Турист" және "Бизнес" сыныптарын қоспағанда);
су жолдарымен, тас және топырақты жолдармен жүргенде - сол жерде қолданылатын жол жүру құны бойынша өтеледi;
3) қызметкерлерге басқа көлiктiк шығыстар, тұрғын үйдi жалға алу жөнiндегi шығыстар, тәулiктiк шығыстар заңнамада белгiленген нормаларға сәйкес өтеледi деп белгiленсiн.
2. Iссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға барар алдында көлiктiк шығыстарды, тұрғын үйдi жалға алу жөнiндегi және тәулiктiк шығыстарды төлеуге арналған сомалар шегiнде ақшалай аванс берiледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер үш жұмыс күнi iшiнде мына құжаттарды қоса бере отырып, ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы аванстық есептi ұсынуға тиiс:
1) тұрғын үйдi жалға алғаны жөнiндегi түбiртек, оның iшiнде баратын пунктке жеткенге дейiн болған пункттерiнде;
2) шот-фактураны мiндеттi түрде қоса бере отырып, (арнайы рейстi пайдаланған жағдайда талап етiлмейдi) бару-қайту жолақысына арналған билеттер (таксидi қоспағанда); әуежайлар әкiмшiлiктерi көздеген жағдайда әкiмшiлiк алымдарының түбiртектерi;
3) iссапар куәлiгi;
4) iссапар куәлiгiнде шекарадан өткенi туралы белгi болмаған жағдайда паспорттың көшiрмесi.
Пайдаланылмаған iссапарлық валюта қаражатының қалдығы үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк органның кассасына қайтарылуға тиiс.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |