"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы N 594 Қаулысы

       Ескерту. "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентiнен қайтарып алынсын - ҚР Үкіметінің 2007.03.13.  N 188  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасындағы жергілiктi өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

  Қазақстан Республикасындағы жергілiктi өзiн-өзi басқару
туралы

      Осы Заң жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастырудың құқықтық, экономикалық және қаржылық негiздерiн, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн және Қазақстан Республикасында оны жүзеге асырудың кепiлдiктерiн анықтайды.

  1-тарау. Жалпы ережелер

  1-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды ұйымдастырудың
негiздерi

      1. Қазақстан Республикасында тұрғын халықтың жергiлiктi маңызы бар мәселелердi дербес шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.
      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару ретiнде жергiлiктi қоғамдастық шегiнде жүзеге асырылатын және осы Заңда, басқа да заңнамалық актiлерде, жергiлiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өз жауапкершiлiгiне ала отырып шешетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктегі тұрғын халықтың қызметiн дербес ұйымдастыру жүйесi ұғынылады.
      3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тiкелей еркiн сайлау арқылы, сондай-ақ жергілiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы және басқа да органдары арқылы жергілiктi қоғамдастық мүшелерi жүзеге асырады.
      Жергiлiктi өзiн-өзi басқару тұрғын халық топтары жинақы тұратын ауыл (село), кент, қаладағы аудан, қала аумақтары шегiнде жеке жүзеге асырылады.
      Бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында, осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, бiр жергiлiктi қоғамдастық құрылуы мүмкiн.
      Облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада өз қызметiн дербес жүзеге асыратын бiрнеше жергiлiктi қоғамдастық құрылуы мүмкiн.
      4. Қазақстан Республикасының азаматының жергiлiктi қоғамдастықтың мүшесi деп тануға шегiнде жергілiктi өзiн-өзi басқару жүзеге асырылатын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында оның тұрақты тұруы негiз болып табылады.
      Қазақстан Республикасының азаматына жергiлiктi қоғамдастыққа мүшелiкке енуге осы тармақта көзделген негізден басқа қандай да бiр өзге де шарттар белгiлеуге жол берiлмейдi.

  2-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару осы Заңның 1-бабында көрсетiлген жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде тиiстi ауылдың (селоның), кенттiң, қаладағы ауданның, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың он сегіз жасқа толған әрекетке қабiлеттi азаматтарының елу пайыздан астамының келiсiмi болған жағдайда енгiзiледi.
      2. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды енгiзу туралы келiсiм қол қою парақтарын толтыру арқылы қол жинаумен куәландырылады.
      Қол жинауды тиiстi ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң, қаладағы ауданның, аудандық, облыстық маңызы бар қаланың әкiмi құратын азаматтардың бастамашы тобы ұйымдастырады.
      Азаматтардың бастамашы топтарының қызметiн ұйымдастыруды осы тармақтың екiншi бөлігінде көрсетiлген әкiм қамтамасыз етедi.
      Әрбiр қол қою парағы мынадай мәлiметтердi: реттік нөмiрi, қол қоятын адамның тегi, аты және әкесiнiң аты; жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен сериясы; туған күнi, айы және жылы; тұратын тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, жеке қолы мен күнi бар бағанды қамтуы тиiс.
      Әрбiр азамат қол қою парағына тек бiр рет қана қол қоюға құқылы.
      Толтырылған әрбiр қол қою парағына қол жинауды жүзеге асыратын адам қол қоюы тиiс.
      Қол жинау аяқталғаннан кейiнгi үш күн мерзiмде толтырылған қол қою парақтарын қол жинауды жүзеге асыратын адамдар он күн мерзiмде азаматтардың қол қою парақтарындағы қолдарының дұрыстығын халықты құжаттандыру мен есепке алуды жүзеге асыратын органдарды (паспорт қызметiн) тарта отырып тексеретiн осы баптың үшiншi бөлiгінде көрсетiлген әкiмге тапсырады.
      Мыналар:
      1) екi немесе одан да көп адамдар үшiн бiр адам орындаған;
      2) қол қою парағына сәйкес деректер толық емес кезiнде;
      3) өз қолын керi қайтарып алатын Қазақстан Республикасы азаматының жазбаша өтінiшi болған кезде;
      4) қайтыс болған адамдар үшiн қойылған қолдар жарамсыз деп танылады.
      Ауылдың (селоның), кенттiң, ауылдық (селолық) округтiң, қаладағы ауданның, аудандық, облыстық маңызы бар қаланың әкiмi қолды егер қолдың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылуымен алынғаны анықталған болса сенiмдi емес деп таниды.
      Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiм қолдың дұрыстығын тексерген соң тиiстi хаттаманы ресiмдейдi және оны тиiстi аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана әкiмдiгiне жiбередi.
      Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмдiгi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi тапсырған хаттамаларды қорытындылайды және оларды облыс әкiмдiгiне жiбередi.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi тапсырған қол қою парақтары осы Заңның талаптарына сәйкес келген кезде қол жинаудың нәтижелерiн қорытынды хаттамаға енгiзедi. Қол жинаудың нәтижелерi туралы қорытынды хаттама осы тармақтың yшiншi бөлiгiнде көрсетiлген әкiмдерден құжаттарды алған күннен бастап бiр айдың iшiнде Орталық сайлау комиссиясына және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиiстi аумақтық әдiлет органына жiберiледi.

  3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) жергiлiктi маңызы бар мәселелер - ауыл (село), кент, қаладағы аудан, аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар қала және астана тұрғын халқының жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының құзыретiне кiрмейтiн осы Заңға сәйкес тiршiлiк әрекетiн тiкелей қамтамасыз етуге жатқызылған мәселелер;
      2) жергiлiктi қоғамдастық мүлкi - жергiлiктi өзiн-өзi басқару табыстарын алу және жергiлiктi қоғамдастықтың әлеуметтiк-экономикалық мүддесiн қанағаттандыру көзiне қызмет ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының иелiгiндегi, пайдалануындағы және билiгiндегi мүлiк;
      3) жергілiктi қоғамдастық - жергiлiктi өзiн-өзi басқару шегiнде жүзеге асырылатын және оның органдары құрылып жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының (жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң) жиынтығы;
      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары - мемлекеттiк органдар жүйесiне кiрмейтiн, осы Заңда және жергiлiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген тәртiппен құрылған және жергiлiктi маңызы бар мәселелердi дербес шешуге бойынша өкiлеттiк берiлген сайланбалы және өзге де органдар;
      5) Кеңес регламентi - Кеңес қызметiнiң iшкi тәртiбiн, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де мәселелердi реттейтiн құжат;
      6) қаржы жоспары - жергiлiктi қоғамдастықтың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерiн реттейтiн құжат.

  4-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы
Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Осы Заңның қолданысы астананың және Алматы қаласының аумақтарында астананың және Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы заңнамаға қайшы келмейтін бөлiктерiнде таралады.

  5-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың жарғысы

      1. Жергілiктi қоғамдастықтың жарғысын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк азаматтарының бастамашы тобы үлгi жарғының негізiнде әзiрлейдi және жергiлiктi қоғамдастықтың мүшелерi тiкелей дауыс беру жолымен қабылдайды.
      Жергілiктi қоғамдастықтың үлгi жарғысын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      Жергілiктi қоғамдастықтың жарғысы, егер оған жергілiктi қоғамдастықтың он сегіз жасқа толған әрекетке қабiлеттi мүшелерiнiң жартысынан көбi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
      Жергiлiктi қоғамдастықтың жарғысын дайындау және қабылдау жөнiнде дауыс берудi өткізу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
      2. Жергiлiкті қоғамдастықтың жарғысында:
      1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк көрсетiлген оның атауы;
      2) жергiлiктi қоғамдастық аумақтарының шекаралары мен құрамы;
      3) осы Заңға сәйкес оның қарауына жатқызылған жергiлiктi маңызы бар мәселелер;
      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын құру тәртiбi мен өкiлеттiгi;
      5) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының және оның мүшелерiнiң өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдау негiздерi мен тәртiбi;
      6) жергiлiктi қоғамдастықтың мүлкiн қалыптастыру, иелену, пайдалану және иелiк ету тәртiбi;
      7) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң өтiнiштерiн қараудың мерзiмi мен тәртiбi;
      8) жергiлiктi қоғамдастық қаражатын қалыптастыру және пайдалану тәртiбi;
      9) жергiлiктi қоғамдастық жиналысын ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi;
      10) сайланбалы жергілiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк кепiлдiктерi көрсетiледi.
      Жергiлiктi қоғамдастық жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн жергілiктi қоғамдастық қызметiне жататын басқа да ережелер қамтылуы мүмкiн.
      3. Жергiлiктi қоғамдастықтың жарғысы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жатады және тиiстi облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) аумағына таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жарияланғаннан (жария етiлгеннен) кейiн күшiне енедi.
      Жергiлiктi қоғамдастық жарғысын тiркеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
      4. Мемлекеттiк тiркеу жергiлiктi қоғамдастық жарғысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
      Әдiлет органдары тiркелген жергiлiктi қоғамдастық жарғыларының есебiн жүргiзедi.

  6-бап. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң
құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң:
      1) шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiң жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қарым-қатынасына, сенiмiне, саяси партияларға және қоғамдық бiрлестiктерге қатысуына қарамастан тiкелей сайлаулар арқылы, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың сайланбалы және басқа да органдары арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыруға;
      2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тәртiппен сайланбалы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға;
      3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке жүгiнуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдауға;
      4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда жергiлiктi қоғамдастық мүшесiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқаруға қатысу құқықтарын шектеуге жол берiлмейдi және сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
      2. Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi:
      1) Қазақстан халқының бiрлiгі мен елдегi ұлтаралық татулықты нығайтуға ықпал етуге;
      2) мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлерiне құрметпен қарауға және олардың дамуына ықпал етуге;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға мiндеттi.

  7-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы

      1. Жергілiктi қоғамдастықтың жиналысы жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тiкелей өз еркiн бiлдiру жолымен шешу нысаны болып табылады.
      Жергiлiктi қоғамдастық жиналысында талқылау мәнi:
      1) Кеңестi тарату туралы мәселенi қарау және шешiм қабылдау;
      2) жергілiктi маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша шешiмдердi талқылау;
      3) атқарылған жұмыс туралы Кеңес басшысының есебiн қарау;
      4) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жүргiзуiне қатысты және мемлекеттiк органның қарауында емес өзге де мәселелер болып табылады.
      2. Жергілiктi қоғамдастықтың жиналысы:
      1) жергiлiктi қоғамдастықтың он сегiз жасқа толған әрекетке қабiлеттi мүшелерiнiң кемiнде оннан бiрiнiң бастамасы бойынша;
      2) Кеңестiң шешiмi бойынша жүргiзiледi.
      3. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы бұл туралы ұсыныс (шешiм) енгiзiлген күннен бастап 30 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өткiзiледi.
      4. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының өткiзiлетiн күнi мен орны, оның қарауына енгізiлетiн мәселелер, сондай-ақ олар бойынша қабылданған шешiмдер жергiлiктi қоғамдастықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
      5. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысы, егер оған жергілiктi қоғамдастықтың он сегiз жасқа толған әрекетке қабiлеттi мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрi қатысса, заңды болады. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының шешiмi оған қатысып отырған жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң үштен екiсiнiң басым дауысымен қабылданады, жергiлiктi қоғамдастық жиналысының хаттамасымен ресiмделедi.
      6. Егер жергілiктi қоғамдастықтың жиналысына жергiлiктi қоғамдастықтың он сегiз жасқа толған әрекетке қабiлеттi мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнен кемi қатысса жиналыс өткiзiлмедi деп танылады және он күннен кешiктiрiлмей қайталама жиналыс өткiзiледi.
      Жергiлiктi қоғамдастықтың қайталама жиналысының күнi мен орны жергiлiктi қоғамдастықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
      Қайталама жиналыс, егер оған осы баптың 5-тармағында көрсетiлген жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң қажет санынан кемiнде жартысы қатысса, өткiзiлдi деп танылады.
      Жергілiктi қоғамдастық мүшесiнен сенiмдi адам қатыса алады. Жергiлiктi қоғамдастықтың бiрнеше мүшелерiнiң мүдделерiне бiр сенiмдi адамның өкiлдiк етуiне рұқсат етiледi.
      7. Жергілiктi қоғамдастықтың жиналысын өткiзу уақытында жергiлiктi қоғамдастықтың мүшелерi жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды жүргiзуге жататын мәселелер бойынша проблемаларды көтере алады және ұсыныс енгiзе алады.
      8. Жергiлiктi қоғамдастық жиналысының нәтижелерi бойынша енгiзiлген ұсыныстар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мiндеттi қарауына жатады.
      9. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешiмдер мемлекеттiк билiктiң қандайда бiр органдарының, олардың лауазымды адамдарының немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бекiтуiн қажет етпейдi және жергілiктi өзiн-өзi басқару органдары және/немесе жергiлiктi қоғамдастық мүшелерi орындауға мiндеттi.
      10. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешiмдерге азаматтар, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, прокурор, мемлекеттiк билiктiң өзге де уәкiлеттi органдары сот тәртiбiмен шағымдана алады.
      11. Жергілiктi қоғамдастықтың жиналысын дайындауды және өткiзудi қаржыландыру жергiлiктi қоғамдастық қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

  2-тарау. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары

  8-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы жергiлiктi қоғамдастық сайлаған мүшелерден құралған Кеңес болып табылады.
      2. Кеңес оның мүшелерiнен немесе жергіліктi қоғамдастық мүшелерiнен Кеңес және жергiлiктi қоғамдастық жиналысы қабылдаған шешiмдердiң және осы Заңға және жергiлiктi қоғамдастық жарғысына сәйкес өзге де өкiлеттiктердiң орындалуын ұйымдастыруды жүзеге асыратын адам - Төрағаны сайлайды.
      3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде:
      1) жалпы мемлекеттiк iшкi және сыртқы саясатқа сәйкес келмейтiн шешiмдердiң, соның iшiнде қаржылық және инвестициялық, қабылдануына жол бермеуге;
      2) бiрыңғай еңбек рыногын, капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтердi еркiн алмасуға, Қазақстан Республикасының бiрыңғай мәдени және ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы және дамуына кедергi келтiретiн шешiмдер қабылдауға жол бермеуге;
      3) Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерiн сақтауға;
      4) қызметтiк қоғамдық маңызы бар салаларында белгiленген жалпы мемлекеттiк стандарттарды ұстануға;
      5) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етуге;
      6) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң өтiнiштерiн жергілiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген мерзiмде және тәртiпте мәнi бойынша қарап жауап беруге;
      7) өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде жариялылық және бүкпесiздiк қағидаларын ұстануға, қоғамдық пiкiрдi ескеруге, жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң өзiн-өзi басқару органдарының отырыстарына еркiн қол жетiмдiлiк мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге;
      8) жергiлiктi маңызы бар мәселелердi шешуде жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң қатысуын қамтамасыз етуге;
      9) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға мiндеттi.
      4. Жергілiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасымен регламенттеледi.

  9-бап. Кеңестердi құру

      1. Кеңес мүшелерiн жалпыға ортақ, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы жергiлiктi қоғамдастықтың мүшелерi сайлайды. Кеңестiң өкiлеттiк мерзiмi төрт жыл.
      Жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң саны екi жүзден мыңға дейiнгi адам кезiнде Кеңес құрамында жетi адамнан, мыңнан астам адам кезiнде - құрамында он бес адамға дейiн құралады.
      Кеңес мүшелерiнiң санын облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) сайлау комиссиялары кезектi сайлау алдында төрт жылда бiр рет жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде белгiлейдi.
      2. Жергiлiктi қоғамдастықтың жиырма жасқа толған мемлекеттiк қызметшi болып табылмайтын мүшесi Кеңестiң мүшесi бола алады.
      Кеңес мүшесi мәслихаттың немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты бола алмайды.
      Сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған заңда белгiленген тәртiппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған адам Кеңес мүшесi бола алмайды.
      3. Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгi оның тиiстi сайлау комиссиясында тiркелген сәтiнен басталады.
      4. Кеңестiң өкiлеттiгi Кеңестiң бiрiншi отырысы ашылған сәттен басталады және жаңа шақырылған Кеңестiң бiрiншi отырысы жұмысын бастағанда тоқтатылады.
      Кеңестiң бiрiншi отырысын сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
      5. Кеңестi оның мүшелерiнiң жасырын дауыс беруiмен Кеңестiң мүшелерiнiң жалпы санының басым даусымен сайланған басшы басқарады.
      Кеңестiң басшысы лауазымына кандидатураны Кеңестiң мүшелерi ұсынады.
      Кеңестiң басшысы лауазымынан босатылуы мүмкiн, сондай-ақ, егер бұл үшiн Кеңес мүшелерiнiң жалпы санынан басым көпшiлiгi дауыс берсе, лауазымынан босату туралы өтiнiш беруге құқылы.
      Кеңестiң басшысы:
      1) отырыстарды шақырады және оларға төрағалық етедi;
      2) Кеңестiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындауға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      3) Кеңестiң қызметiнде регламенттiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      4) Кеңес қабылдаған актiлерге қол қояды;
      5) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiне жарты жылда кемiнде бiр рет атқарылған жұмыс туралы есептi ұсынады;
      6) жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарымен қарым-қатынастарда жергiлiктi қоғамдастықтың мүддесiн танытады;
      7) Жергiлiктi қоғамдастық жарғысымен және Кеңес регламентiмен оған жүктелген басқа мiндеттердi атқарады.
      6. Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда Кеңес мүшелерi өз өкiлеттiктерiн сақтайды. Олар жаңа шақырылған Кеңестiң бiрiншi отырысы өткiзiлетiн күнге дейiн қайта ұйымдастыру нәтижесiнде тұрғын халқы неғұрлым көбейген тиiстi қайта ұйымдастырылған әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiгi Кеңестерiнiң мүшесi болып табылады.

  10-бап. Кеңестiң өкiлеттiгi

      1. Кеңестiң өкiлеттiгіне:
      1) Кеңестiң басшысын сайлау және оны лауазымынан босату;
      2) Кеңестiң регламентiн бекiту;
      3) Кеңестiң жұмыс жоспарын бекiту;
      4) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын бекiту, сондай-ақ жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, оның орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      5) Төрағаны сайлау және оны лауазымынан босату;
      6) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы Төрағаның есебiн бекiту;
      7) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы бекiтiлген есептi жергiлiктi қоғамдастыққа ұсыну;
      8) атқарылған жұмыс туралы Төрағаның есебiн тыңдау;
      9) Төраға аппаратының штат санының және оның қызметкерлерiнiң еңбек ақысы жүйесiнiң лимитiн бекiту;
      10) ерiктi өзара салық тәртібімен жергілікті қоғамдастық белгiлеген ставкалар мен алым мөлшерін бекіту;
      11) жергiлiктi қоғамдастықтың жүргізу мәнiне жатқызылған оның жарғысында көзделген мәселелер бойынша ережелердi қабылдау;
      12) жергiлiктi атқарушы органға экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар табиғи және өзге де объектiлердi заңмен қорғалатын тарихи және мәдени ескерткiштер деп жариялау туралы ұсыныс енгiзу;
      13) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiн жергiлiктi көтермелеу және түрлi құрметті атақтар беру;
      14) атаулы әлеуметтiк көмек, он сегiз жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк көмектi тағайындау бойынша қызметке уәкiлеттi органдарға ықпал ету бойынша учаскелiк комиссия құрамына Кеңес мүшесiн жiберу;
      15) жер учаскелерiн ұсыну бойынша жергiлiктi атқарушы органдар құрған комиссия құрамына Кеңес мүшесiн жiберу;
      16) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн жергілiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген өкiлеттiктердi өзге жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына беруге жол берiлмейдi.

  11-бап. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру

      1. Кеңес отырысы қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанында кемiнде бiр рет өткiзiледi. Кеңес отырысы Кеңес басшысының, оның мүшелерiнiң кемiнде үштен бiрiнiң немесе Төрағаның бастамасы бойынша өткiзiлуi мүмкiн. Егер Кеңес отырысына оның мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болады.
      Кеңестiң шешiмдерi оның отырысына қатысып отырған мүшелердiң көпшiлiк даусымен қабылданады, қаулы түрiнде ресiмделедi және оған Кеңес басшысы қол қояды.
      Егер шешiм қабылдаған кезде Кеңес мүшелерiнiң дауысы тең бөлінген жағдайда, барлық жағдайларда өз даусын соңынан беретiн басшының дауысы шешушi болып табылады.
      2. Кеңес қаулысы Төрағаның орындауы үшiн мiндеттi.

  12-бап. Төрағаның өкiлеттiгi

      1. Төрағаның өкiлеттiгiне:
      1) Кеңес және жергілiктi қоғамдастықтың жиналысы қабылдаған шешiмдердiң орындалуын ұйымдастыру;
      2) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы есептi жарты жылда кемiнде бiр рет Кеңеске ұсыну;
      3) Төраға аппаратын құру, оның қызметкерлерiн тағайындау және қызметтен босату;
      4) Төраға аппараты қызметкерлерiнiң құзыретiн анықтау;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн жергiлiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.

  13-бап. Төрағаның қызметiн ұйымдастыру

      1. Төрағаның қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi Төраға аппараты жүзеге асырады
      2. Төраға аппараты қызметi жергiлiктi қоғамдастық қаражатынан қаржыландырылатын мекеме нысанында құрылады.
      3. Төраға аппаратын Төраға басқарады.
      Төраға аппаратының жұмысын Төраға ұйымдастырады және басқарады, Төраға аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапкершiлiк алады.

  14-бап. Төраға аппаратының өкiлеттiгi

      1. Төраға аппаратының өкiлеттiгіне:
      1) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын қалыптастыру;
      2) жергілiктi қоғамдастық мүлкiн басқару;
      3) жергiлiктi қоғамдастықтың әлеуметтiк проблемаларын шешуге қайырымдылық қорларының және демеушiлердiң қаражаттарын тарту;
      4) жергiлiктi қоғамдастықтың бұқаралық ақпарат құралдарын құру, олардың басшыларын тағайындау және босату;
      5) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң есебiн жүргiзу;
      6) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын жүргiзудi ұйымдастыру;
      7) елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
      8) елдi мекендерде көшелердi жарықтандыру жұмыстарын ұйымдастыру;
      9) елдi мекендердi санитариялық тазартуды қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
      10) елдi мекен жерлерiнде мал жаятын орындарды айқындау;
      11) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
      12) табиғи техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында қоғамдық бақылауды қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      13) малды аса қауiпті ауруларға қарсы алдын-ала егу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      14) ауылдық (селолық) жерде оқушыларды мектепке дейiн және кейiн қарай тегiн жеткізудi ұйымдастыру;
      15) кезек күттірмейтiн медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды жақын маңдағы дәрiгерлiк көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына, сондай-ақ ауруларға үйде қызмет көрсететiн медицина қызметкерлерiн аурудың тұрғылықты жерiне дейiн жеткiзудi ұйымдастыру;
      16) микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау;
      17) табысы аз адамдарды анықтау және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастыру жөнiнде тiстi салалардағы уәкiлеттi органдарға ұсыныс енгiзу;
      18) интернат-үйлерiне белгiлеудi қажет ететiн азаматтарды анықтау және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органдарға оларды осы мекемелерге орнықтыру жөнiнде ұсыныс енгiзу;
      19) әлеуметтiк карта жасау;
      20) жұмыссыздарға кәсiби бағдарлау iсiнде тегiн қызметтер көрсету;
      21) елдi мекендердiң автомобиль жолдарының салынуы, қайта жаңартылуы, жөнделуi және күтiп ұсталуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
      22) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      23) мектепке дейiнгi ұйымдарға, мәдени мекемелерге қолдау көрсету және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      24) тұтыну және өндiрiс қалдықтарын сақтауға және көмуге орындар ұстау;
      25) тиiстi әкiмге және өзге де мемлекеттiк органдарға жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң өмiрлерiн қамтамасыз етуге қатысты және өз құзырларына жатпайтын барлық мәселелердi зерделеу және олар бойынша ұсыныстар енгiзу;
      26) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн жергiлiктi қоғамдастықтың жарғысында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру кiредi.
      2. Төраға аппараты:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиум объектiсiн басқаруға;
      2) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуға;
      3) әлеуметтiк маңызды аурулардың алдын алу және ескерту, салауатты өмiр салты, жарақат алушылық бойынша тұрғын халықтың медициналық хабардар болуының артуы мәселелерiн шешуге қатысуға;
      4) ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
      5) тұрғын халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге жәрдемдесуге;
      6) дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қажеттi үй-жайлар, мәдениет және демалыс парктерiнде сабақтар өткiзуге арналған орындар бөлуге, спорт ғимараттарын беруге жәрдемдесуге;
      7) ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге қатысуға;
      8) жол-көлiк оқиғаларының алдын алуға, азаматтарға жол қозғалысы қауiпсiздiгi талаптарын оқытуға бағытталған алдын-алу шараларын өткiзудi ұйымдастыруға қатысуға;
      9) тұрғын халыққа мынадай ақылы негiзде мынадай қызметтер көрсетуге:
      жеке меншiк сектордың малын бағу;
      малдарды сою, ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және өңдеу, жануарларды жасанды жолмен ұрықтандыру;
      ветеринариялық қызмет көрсету және ветеринария саласында уәкілетті мемлекеттiк органдар белгілеген тәртiппен ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендiруiн өткiзуге қатысу;
      Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне қайшы келмейтiн жергiлiктi қоғамдастықтың жарғысында белгіленген жергiлiктi қоғамдастықтың мүшелерi талап еткен өзге де қызметтерiн көрсетуге құқылы.

  15-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының
және оның мүшелерiнiң өкiлеттiгiн тоқтату негiздерi

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының өкiлеттiгi:
      1) оны қалыптастырудағы заңнамада белгiленген тәртiбiн бұзған;
      2) өкiлеттiк мерзiмi бiткен;
      3) Кеңес өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған;
      4) Кеңес отырыстарының қатарынан үш рет кворум болмаған;
      5) жергiлiктi қоғамдастықтың бастамасымен Кеңес таратылған жағдайларда тоқтатылады.
      2. Жергiлiктi қоғамдастық:
      1) жергiлiктi қоғамдастықтың заңды мүдделерiне сай емес шешiмдер қабылдаған;
      2) қоғамдық тыңдаулар нәтижелерi бойынша енгiзiлген ұсыныстар бойынша шешiмдi қараусыз және/немесе қабылдаусыз қалдырған жағдайларда Кеңестi тарату туралы шешiм қабылдайды.
      3. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгi:
      1) мемлекеттiк қызметке кiрген;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан немесе одан айырылған;
      3) соттың айыптау үкімі заңды күшiне енген;
      4) қайтыс болған;
      5) жергілікті қоғамдастықтан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығып кеткен, әскери қызметке шақырылған;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен адамды әрекет қабiлеттiлiгi шектеулi немесе қабiлетсiз не хабар-ошарсыз кеттi деп танығанда немесе қайтыс болды деп жариялағанда;
      7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң оның құрамынан шығу туралы өтiнiш беруiмен байланысты жағдайларда тоқтатылады.
      Жергілiктi өзiн-өзi басқару органы мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiмдi Кеңес оның мүшелерiнiң жалпы санынан көпшiлiк дауысымен қабылдайды.

  3-тарау. Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi
басқару органдарымен өзара қарым-қатынасы

  16-бап. Мемлекеттiк органдардың жергiлiктi өзiн-өзi басқару
органдарымен өзара қарым-қатынасы

      1. Мемлекеттiк органдар жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi құқықтық, ұйымдастырушылық және өзге де жағдайлар жасайды, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары әдiстемелiк және ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес халықтың жергiлiктi өзiн-өзi басқару құқығының жүзеге асуына ықпал етедi.
      2. Мемлекет осы Заңда және жергiлiктi қоғамдастық жарғысында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестігіне кепiлдiк бередi және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына заңнамалық актiлерге сәйкес, тиiстi қаржылық тұрғыдан қамтамасыз ете отырып, функцияларды берудi көздейдi.
      3. Мемлекеттік органдардың, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiне араласуға құқығы жоқ.

  17-бап. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана)
әкiмдiгiнiң құзыретi

      Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдiгi:
      1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қалыптасуы және дамуы үшiн ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша iс-шараларды жүзеге асырады;
      2) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы өзара iс-қимыл жасайды;
      3) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiне олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
      4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында құрылған жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн зерделеудi және талдауды жүргiзедi;
      5) жергiлiктi өзiн-өзi басқару саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлейдi.

  4-тарау. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары қызметтерiн қаржылық қамтамасыз ету. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы есеп

  18-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн
қаржылық қамтамасыз ету

      1. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiн қаржылық қамтамасыз етудi:
      1) мемлекеттiк бюджеттен берiлген қаражат;
      2) жергiлiктi қоғамдастық мүшелерiнiң ерiктi алымдарды төлеу нәтижесiнде түскен қаражат;
      3) ақылы негiзде көрсетiлген қызметтерден түскен кiрiстер;
      4) жергiлiктi қоғамдастықтың мүлiктерi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
      2. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары заңнамалық актiлерге сәйкес жергiлiктi қоғамдастықтың меншiк объектiлерiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша немесе тұрақты пайдалануға беруге, жалға беруге, белгiленген тәртiппен иелiктен айыруға, сондай-ақ өзге де мәмiлелер жасауға құқылы.

  19-бап. Бақылау органы

      1. Бақылау органы - жергiлiктi қоғамдастықтың қаражатын:
      1) мемлекеттiк бюджеттен берiлген қаражатты;
      2) жергілiктi қоғамдастық мүшелерiнiң ерiктi алымдарды төлеу нәтижесiнде түскен қаражатты;
      3) ақылы негізде көрсетiлген қызметтерден түскен кiрiстердi;
      4) жергiлiктi қоғамдастық мүлкiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану нәтижесiнде түскен кiрiстердi;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердi мақсатты және тиiмдi пайдалануды бақылауды жүзеге асыратын орган.
      2. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаражатын мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау тексеру арқылы жүргізiледi. Тексеру жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      3. Бақылау органы мүшелерiнiң санын Кеңес анықтайды. Бақылау органының басшысын Кеңес оның мүшелерiнiң арасынан Кеңес өкiлеттiгі мерзiмiне сайлайды. Бақылау органының өзге мүшелерiн бақылау органының басшысы жергiлiктi қоғамдастықтың қаражаты есебiнен тиiстi салада бiлiмi бар мамандардың арасынан шарттық негiзде тексеру жүргізу кезеңiне тартады.
      4. Бақылау органының өкiлеттiгi мен жұмыс тәртiбi Кеңестiң регламентiмен анықталады.
      5. Бақылау органы жүзеге асыратын тексеру нәтижесi жариялауға (жариялануға) жатады.
      6. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаражатын пайдалану мәселелерi бойынша қылмыстың немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың өзге де фактiлерi анықталған жағдайда бақылау органы материалдарды құқық қорғау органдарына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қарауға уәкiлеттi органдарға бередi.

  20-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы
жоспарын орындау туралы есебi

      1. Төраға жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы есептi қосымшаларымен бiрге жарты жылда кемiнде бiр рет Кеңес пен бақылау органына ұсынады.
      2. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарының орындалуы туралы есебiне:
      1) түсiндiрме жазба;
      2) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы, оның тиiмдiлiк бағасын қоса алғанда, талдау есебi қоса берiледi.

  21-бап. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын
орындау туралы есебiн қарауы және бекiтуi

      1. Кеңес Төрағаның жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы есебiн бақылау органының жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы есебiн алғаннан кейiн он бес күн iшiнде қарайды.
      2. Есептi қарау кезiнде Кеңес:
      1) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы Төрағаның баяндамасын;
      2) жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы есебi бойынша қорытындымен бақылау органы басшысының баяндамасын тыңдайды.
      3. Қаралғаннан кейiн жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы есебiн Кеңес бекiтедi.
      4. Жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау туралы есебiн бекiту кезiнде Кеңес есептi кезеңге жергiлiктi қоғамдастықтың қаржы жоспарын орындау нәтижелерi бойынша тиiстi шаралар қабылдау қажеттiгi туралы шешiм шығаруға құқылы.

  5-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

  22-бап. Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi
басқару туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершілік

      Қазақстан Республикасының жергiлiктi өзiн-өзi басқару туралы заңнамасын бұзған кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

  23-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын құру бойынша қолданысқа енетiн осы Заңның 14-бабы 1-тармағының 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24) тармақшаларын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады