"Семей инжиниринг" акционерлік қоғамының берешегін қайта құрылымдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 604 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
 

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi "Медетшi қор" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп:
      1) "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамының "Қазақстан Эксимбанк" жабық акционерлiк қоғамының қаражаты есебiнен алынған кредит бойынша берешегiн берешектi өтеудi 2006 жылы бастай отырып, 2008 жылды қоса алғандағы мерзiмге қайта құрылымдауды жүргiзсiн;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 5 ақпандағы N 110  қаулысымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi белгiлейтiн сыйақы ставкасын ескере отырып, "Семей инжиниринг" акционерлiк қоғамымен және "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамымен (кредит бойынша бiрлескен жауапкершiлiк) тиiстi келiсiм жасассын.
 

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ. Мәсiмовке жүктелсiн.
 

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады