Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 18 қазандағы N 1005 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.05.15 № 620 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 623  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., N 24, 248-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткiзу ережесiнде:

      20-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын;

      23-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;

      47-тармақтағы "Ереженiң 46 және 47-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздер "Ереженiң 45 және 46-тармақтарында көрсетiлген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      91-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгерiссiз қалдырылсын;

      103-тармақта:
      4) тармақша "(жиын пункттерiнен)" деген сөздерден кейiн "әскери бөлiмдер мен арнайы құралымдарға" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады