Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген қазақстандық учаскесi шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 625 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1474 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер  кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген қазақстандық учаскесі шегінде келісім-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесi бекiтiлсiн.
 

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi  

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 30 маусымдағы    
N 625 қаулысымен бекiтiлген   

Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген қазақстандық учаскесi шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру ережесi

       1. Осы Ереже Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген қазақстандық учаскесi (бұдан әрi - қазақстандық түп учаскесi) шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс, жағалау сызығына дейiн мұнай-газ құбырларын салуға рұқсат беру тәртiбiн реттейдi.
     2. Қазақстандық түп учаскесi 2002 жылғы 13 мамырда жасалған 1998 жылғы 6 шiлдедегi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендiк құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгi түбiнiң ара-жiгiн ажырату туралы келісімге  Хаттамаға және 2003 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасында Каспий теңiзi түбiн шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзiрбайжан Республикасының арасындағы келiсiмге  хаттамаға сәйкес айқындалады.
      3. Қазақстанды түп учаскесi шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс мұнай-газ құбырын салуға рұқсат (бұдан әрi - мұнай-газ құбырын салуға рұқсат) алуға мүдделi жер қойнауын пайдаланушы жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) беретiн өтiнiмде:
      1) жер қойнауын пайдаланушының деректемелерi;
      2) сұралатын түп учаскесiнiң сыртқы шекараларының географиялық координаталары көрсетiле отырып, оның орналасқан жерi;
      3) күзету аймағының енi;
      4) сұралып отырған түп учаскесiнiң ауданы көрсетiледi.
      Өтiнiмге қазақстандық түп учаскесiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi, мұнай-газ құбырын салудың техника-экономикалық негiздемесi және оның қоршаған ортаға әсерiнiң алдын ала бағасы қоса берiледi.
      4. Өтiнiм негiзiнде уәкiлеттi орган қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегi, төтенше жағдайлар жөнiндегi, сауда мақсатында теңiзде жүзу, мұнай-газ көлігi инфрақұрылымы саласындағы және сыртқы саяси қызметтi жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының өкiлiнен мұнай-газ құбырын салу үшiн түп учаскесiн таңдау жөнiнде комиссия құрады.
      5. Түп учаскесiн таңдауды комиссия уәкiлеттi органға өтiнiм түскен күнiнен бастап 60 күнге дейiнгi мерзiмде қарайды.
      6. Комиссия мүшелерiнiң сұралып отырған түп учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша ұсыныстары мен ескертулерi болмаған жағдайда оны таңдау мұнай-газ құбырын салу үшiн түп учаскесiн таңдау туралы актiмен ресiмделедi, оған комиссия мүшелерiнiң барлығы қол қояды.
      Сұралып отырған түп учаскесiнiң орналасқан жерi жер қойнауын пайдаланушының келiсу шартымен комиссия мүшелерiнiң ұсыныстары мен ескертулерi негiзiнде өзгертiлуi мүмкiн.
      Комиссия мүшелерiнiң жер қойнауын пайдаланушы түзетпеген ескертулерi болған жағдайда, уәкiлеттi орган мұнай-газ құбырын салу үшiн көрсетiлген түп учаскесiн таңдаудан дәлелдi түрде бас тартады.
      7. Мұнай-газ құбырын салу үшiн түп учаскесiн таңдау туралы акт жер қойнауын пайдаланушының iздестiру және жобалау жұмыстарын жүргiзуi үшiн негiздеме болып табылады.
      8. Іздестiру және жобалау жұмыстары жүргiзiлгеннен кейiн жер қойнауын пайдаланушы уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қоса бередi: 
      1) мұнай-газ құбырын салудың жобасы;
      2) оның қоршаған ортаға әсерiнiң бағасы;
      3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
      4) мұнай-газ құбырының қазақстандық түп учаскесiнде орналасқан жерiнiң картасы;
      5) бастапқы, бұрылыс, аралық (әр бес километр сайын) және соңғы нүктелерiн көрсете отырып, мұнай-газ құбыры осiнiң географиялық координаталарының ведомосi;
      6) мұнай-газ құбыры профилiнiң схемасы;
      7) Балтық биiктiктерi жүйесiндегi мұнай-газ құбыры осiнiң бастапқы, бұрылыс, аралық (әр бес километр сайын) және соңғы нүктелерiндегi мұнай-газ құбырының жоғарғы шетiндегi жоғарғы белгiлерiнiң ведомосi.
      9. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөнiндегi, төтенше жағдайлар жөнiндегi, сауда мақсатында теңiзде жүзу, мұнай-газ көлiгi инфрақұрылымы саласындағы және сыртқы саясат қызметiн жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға (бұдан әрi - келiсетiн мемлекеттiк органдар) келiсуге жiбередi.
      Мұнай-газ құбыры орналасқан жердiң құжаттарын қарау қорытындылары бойынша келiсетiн мемлекеттiк органдар уәкiлеттi органға өз қорытындыларын жiбередi, бұл ретте қарау және келiсу мерзiмi 15 жұмыс күнiнен аспауға тиiс.
      10. Ұсыныстар мен ескертулер болмаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiш берілген күнiнен бастап 30 күннен кешiктiрмей осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша мұнай-газ құбырын салуға рұқсат бередi, оған уәкiлеттi органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды.
      11. Уәкiлеттi органның және (немесе) келiсетiн мемлекеттiк органдардың ескертулерi болған жағдайда уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушыға олар туралы жазбаша хабарлайды.
      Ескертулер түзетiлген жағдайда (келiсетiн мемлекеттiк орган уәкiлеттi органға бұл туралы жазбаша растау жiбередi) жер қойнауын пайдаланушыға осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес мұнай-газ құбырын салуға рұқсат бередi.
      Жер қойнауын пайдаланушы ескертулердi түзетпеген жағдайда уәкiлеттi орган белгiленген мерзiмде мұнай-газ құбырын салуға рұқсат беруден дәлелдi түрде бас тартады.
      12. Мұнай-газ құбырын салуға рұқсаттың қолданылу мерзiмiн уәкiлеттi орган жер қойнауын пайдаланушы сұрастыратын мерзiмдi және келiсетiн мемлекеттiк органдардың ескертулерiн ескере отырып, бiрақ үш жылдан аспайтындай етiп белгiлейдi.
      Көрсетiлген кезеңде мұнай-газ құбырын салуға рұқсат берiлген түп учаскесiне басқа жер қойнауын пайдаланушыға мұнай-газ құбырын салуға рұқсат берiлмейдi.
      13. Қазақстандық түп учаскесiнде бар, салынып жатқан және жобаланатын мұнай-газ құбырларының орналасқан жерiн есепке алу үшiн уәкiлеттi орган кезекшiлiк картасын жүргiзедi.

Каспий теңiзi түбiнiң Қазақстан Республикасының
халықаралық шарттарында белгiленген      
қазақстандық учаскесi шегiнде келiсiм-шарт  
аумағынан тыс мұнай-газ құбырларын салуға   
рұқсат беру ережесiне қосымша        

                       Рұқсат

                   Тіркеу номері ______

Рұқсат _________________________________________________________
          (жеке тұлғаның аты-жөнi немесе заңды тұлғаның атауы)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
 
  қазақстандық түп учаскесiнiң шегiнде келiсiм-шарт аумағынан тыс
мұнай-газ құбырларын салуға берiлдi.

Мұнай-газ құбырының ұзындығы ________________________________ км.

Учаскенiң ауданы __________________________________ гектар.

Күзет аумағының енi _________________________________________ метр.

Рұқсаттың қолданылу мерзiмi ____________________________________

Рұқсат берудiң негiздемесi _____________________________________
________________________________________________________________

Рұқсат берген орган ____________________________________________
________________________________________________________________

                  Басшы _______________________________ Аты-жөнi

М.О.

                  Берiлген күнi 20________ жылғы "___" _________

Қосымшалар:
1. Мұнай-газ құбырының орналасқан жерiнiң картасы
2. Мұнай-газ құбыры профилiнiң схемасы
3. Мұнай-газ құбыры осiнiң географиялық координаталар ведомосi
4. Балтық биiктiктерi жүйесiндегi мұнай-газ құбырының жоғарғы
шетіндегі белгiлерiнiң ведомосi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады