Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркiн жүрiп-тұруы туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 667 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркiн жүрiп-тұруы туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Владимир Сергеевич Школьникке қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүрiп-тұруы туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Жоба

Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге
қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркiн жүрiп-тұруы
туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Үкiметi және Украина Министрлер Кабинетi,
      2003 жылғы 19 қыркүйектегi Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерi азаматтарының еркiн жүрiп-тұруы кедергiлерiн жою жолымен өз халықтарының бiртұтастығын нығайтуға ұмтыла отырып,
      Тараптар мемлекеттерi мен олардың халықтарын байланыстыратын достық қарым-қатынастарды растай отырып,
      халықаралық құқықтың жалпыға бiрдей танылған қағидаттары мен нормаларын негiзге ала отырып, төмендегiлер туралы келiстi:

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн онда пайдаланылатын терминдер мынадай мағынаны бiлдiредi:
      заңнама - Тараптар мемлекеттерi әрқайсысының заңдары және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi;
      құзыреттi органдар - Тараптар мемлекеттерiнiң жеке тұлғалардың келуiн және кетуiн (шекараны кесiп өту тәртiбiмен), транзитпен жол жүруiн және өз мемлекеттерiнiң аумағында болуын бақылауды жүзеге асыруға уәкiлеттi атқарушы билiк органдары.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң аумағында заңды негiзде болатын Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтарына, болатын Тарап мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген шектеулердi сақтауы шартымен еркiн жүрiп-тұруына және тұрғылықты жерiн еркiн таңдауына кепiлдiк берiледi.

3-бап

      Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерi әрқайсысының өз заңнамасы негiзiнде Тараптардың басқа мемлекеттерiнiң жекелеген азаматтарының өз аумағына келуiнен бас тарту немесе онда болу мерзiмiн қысқарту құқықтарын шектемейдi.

2-тарау. Келу, кету, транзитпен жол жүру және болу

4-бап

      Бiр Тарап мемлекетi азаматтарының осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген жарамды құжаттардың бiрi бойынша екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келуiне, одан кетуiне, транзитпен жол жүруiне және онда болуына құқығы бар.
      Егер екi Тарап мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын екi жақты және/немесе кеп жақты халықаралық шарттарда осы Келiсiмге қосымшада қамтылғандардан өзгеше құжаттардың тiзбесi белгiленген жағдайда, осындай екi жақты және/немесе көп жақты халықаралық шарттарда белгiленген құжаттар да азаматтардың осы Тараптар мемлекеттерiнiң аумағына келуi, одан кетуi, транзитпен жол жүруi және онда болуы үшiн жарамды болып табылады.
      Егер Тараптар мемлекеттерi екi жақты не көп жақты негiзде өзге туралы уағдаласпаса, Тараптар мемлекеттерiнiң кәмелеттiк жасқа толмаған азаматтарының сапарлары Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары оларда осы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келген кезде қойылған құзыреттi органның белгiсi бap көшi-қон картасы болған кезде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келген күннен бастап 30 күннiң iшiнде олардың екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болу орны бойынша құзыреттi органда тiркелуден босатылады.
      Егер бiр Тарап мемлекетiнiң заңнамасымен немесе халықаралық шартымен екiншi Тарап мемлекетiнiң азаматтары үшiн құзыретті органда 30 күннен астам тiркелмей болу мерзiмi көзделген жағдайда, көп мерзiм белгiленетiн ережелер қолданылады.
      Егер бұл Тараптар мемлекеттерiнiң екi жақты шарттарында көзделсе, көшi-қон картасы талап етiлмейдi.

6-бап

      Егер екi Тарап мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына халықаралық (көп жақты) және мемлекетаралық (екi жақты) өткiзу пункттерi арқылы келедi, кетедi және транзитпен жол жүредi.
      Шекара маңы аудандарының тұрғандары болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екi Тарап мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес екiншi Тарап мемлекетiнiң шекара маңы аудандарына келедi және шекара маңы аудандарынан кетедi.

7-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған уақытында осы екiншi Тарап мемлекетiнiң заңнамасын сақтауға мiндеттi.

8-бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген құжаттарды екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында жоғалтқан азаматтары бұл туралы осы екiншi Тарап мемлекетiнiң құзыреттi органын дереу хабардар етуге мiндеттi, ол өзiне құжаттардың жоғалуына байланысты өтiнiш жасалу фактiсiн жазбаша нысанда растайды.
      Осы баптың бiрiншi абзацында аталған адамдарға олар азаматтары болып табылатын Тарап мемлекетiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi шетелге шығу үшiн немесе осы Тарап мемлекетiнiң аумағына келу үшiн жарамды құжат бередi.

3-тарау. Қорытынды ережелер

9-бап

      Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап 30 күннiң iшiнде дипломатиялық арналар арқылы осы Келiсiмге қосымшада көрсетiлген құжаттардың үлгiлерiмен алмасады.
      Тараптар жаңа құжаттардың енгiзiлгенi немесе қолданыстағы құжаттарға өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы бiр-бiрiн хабардар етедi және жаңа немесе өзгертiлген құжаттардың үлгiлерiн олар енгiзiлгенге дейiн кемiнде 30 күннен кешiктiрмей дипломатиялық арналар арқылы бередi.
      Тараптар бiр-бiрiн Тараптардың өз мемлекеттерiнiң заңнамасына екiншi Тарап мемлекетi азаматтарының келуiне, кетуiне және болуына қатысты бөлiгiнде өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы қысқа мерзiмде дипломатиялық арналар арқылы хабардар етедi.

10-бап

      Егер бұл өзiнiң ұлттық қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi немесе халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажет болса, әрбiр Тарап осы Келiсiмнiң қолданылуын оның бiр немесе одан да көп қатысушыларына қатысты толық немесе iшiнара тоқтата тұруы мүмкiн.
      Мұндай шешiмнiң қабылданғаны немесе күшiн жойғаны туралы ақпарат дереу, бiрақ оның қолданылуы немесе күшiн жоюы басталғанға дейiн 48 сағаттан кешiктiрмей басқа Тараптарға дипломатиялық арналар арқылы хабарланады.
      Тараптардың бiрiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтата тұруы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес осы Тарап мемлекетiнiң аумағына келген басқа Тарап мемлекеттерiнiң азаматтарына қолданылмайды.

11-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптардың арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар арасында консультациялар және келiссөздер жүргiзу жолымен шешiледi.
      Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Тараптардың кез келгенi дауды Бiртұтас экономикалық кеңiстiк шеңберiндегi Дауларды шешу жөнiндегi органға шешуге бере алады.

12-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

13-бап

      Кез келген мемлекет осы Келiсiмнiң қатысушысы бола алады.
      Осы Келiсiмге қосылудың шарттары осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер мен қосылатын мемлекет арасында жасалатын халықаралық шартта белгiленедi.

14-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны Депозитарий алған күнiнен бастап күшiне енедi.

15-бап

      Кез келген Тарап өзiнiң осы Келiсiмнен шығу ниетi туралы жазбаша хабарламаны Депозитарийге жолдай отырып, осы Келiсiмнен шыға алады. Осы Келiсiм Депозитарий осындай хабарламаны алған күннен бастап 6 ай өткеннен кейiн осы Тарап үшiн өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      Депозитарий осы баптың бiрiншi абзацында көрсетiлген хабарламаны алған күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей бұл туралы осы Келiсiмнiң басқа қатысушыларын хабардар етедi.

      200__"___"___________ _____________қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды. Келiсiмнiң түпнұсқасы Депозитарийде сақталады. Депозитарийдiң функциялары Бiртұтас экономикалық кеңiстiк комиссиясына берiлгенге дейiн осы Келiсiмнiң Депозитарийi Қазақстан Республикасы болып табылады.
      Депозитарий осы Келiсiмге қол қойған Тараптардың әрқайсысына оның расталған көшiрмесiн жiбередi.

       Беларусь Республикасының Yкiметi үшiн

      Ресей Федерациясының Yкiметi үшiн

      Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн

      Украинаның Министрлер Кабинетi үшiн

Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру
туралы келiсiмге қатысушы     
мемлекеттер азаматтарының еркiн  
жүрiп-тұруы туралы келiсiмге   
қосымша              

Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құру туралы келiсiмге
қатысушы мемлекеттер азаматтарының келуi, кетуi және
транзитi үшiн жарамды құжаттардың тiзбесi

      Беларусь Республикасы:
      1. Беларусь Республикасы азаматының паспорты.
      2. Беларусь Республикасының қызметтiк паспорты.
      3. Беларусь Республикасының дипломаттық паспорты
      4. Теңiзшiнiң ұлттық жеке куәлiгi (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      5. Беларусь Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (тек Беларусь Республикасына қайта оралу үшiн).

      Қазақстан Республикасы:
      1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi.
      2. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      3. Қызметтiк паспорт.
      4. Дипломаттық паспорт.
      5. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      6. Қазақстан Республикасына қайта оралуға арналған куәлiк (тек Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн).

      Ресей Федерациясы:
      1. Ресей Федерациясы азаматының паспорты.
      2. Ресей Федерациясы азаматының Ресей Федерациясынан тысқары жерлерде Ресей Федерациясы азаматының жеке басын куәландыратын паспорты.
      3. Қызметтiк паспорт.
      4. Дипломаттық паспорт.
      5. Теңiзшiнiң паспорты (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      6. Ресей Федерациясына келуге (қайта оралуға) арналған куәлiк (тек Ресей Федерациясына келу үшiн).

      Украина:
      1. Украина азаматының паспорты.
      2. Украина азаматының шетелге шығуға арналған паспорты.
      3. Баланың жол жүру құжаты.
      4. Украинаның қызметтiк паспорты.
      5. Украинаның дипломаттық паспорты.
      6. Теңiзшiнiң жеке куәлiгi (кеме рөлiнде жазба немесе одан үзiндi көшiрме болған кезде).
      7. Украинаға қайта оралуға арналған куәлiк (тек Украинаға қайта оралу үшін).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады